MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өтті

Сарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өтті

2019 жылғы 26-қыркүйек  күні Сарыағаш медресе колледжінің акт залында 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімі өтті. Биыл аталмыш оқу орнына 300 талапкер қабылданған болатын.

Студент қатарына қабылдау салтанаты қасиетті құран кәріммен басталып, колледж директорының тәрбие ісітері бойынша орынбасары Төребеков Нұралы ұстаздың бірінші курс студенттерін құттықтау сөзімен басталды. Содан кейін жастар ұйымынң төрағасы Сапарбеков Нұрмаханбет ұстаз да өз тілегін айтып кетті.

Студент қатарына салтанатты түрде қабылданатын  ерекше мерекелік күні, колледжіміздің үлгілі де озат,биылғы бітіруші 4-курс студенттері қолынан  дәстүр бойынша 1-курс студенттеріне «студенттік билет», «білім кілтін» табыс етті.

Салтанатты рәсімнен кейін іс-шара қонақтарына, студенттерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада  Нұртаза Жаннұр,Елубай Ақжол,Сламханұлы Дәулетхан,Парменқұл Шахмардан сияқты колледждің дарынды студенттері  дайындаған көңіл тербетер күй тартылып,жүректен шығар жыр оқылып,адмзат баласынң көркем мінезі жайлы әндер шырқалды.

Кеш соңында  1-курс топтарының кураторлары арнайы сөз алып,колледж басшылығының үлкен сенім артып,осы топтың тәрбие-тәлімін сеніп тапсырғанына алғыс айта келе өздерінің ұстаздық және ағалық ақыл кеңестерін берді.Ал біз, өз тарапымыздан осындай іс-шаралар жалғастыра беретінін айта келе, жиналған қонақтармен қоштастық.

Related Post

«Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?«Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

«Колледжімізде «Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?»атты тақырыпта ағылшын тілінен пікір алмасу сабағы өтті. Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік

Волейбол спортынан жарыс өттіВолейбол спортынан жарыс өтті

Сарыағаш Медресе Колледжінде шәкірттердің достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың волейбол түрін дамыту мақсатында жарыс өтті, Жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатимов Нурпеис пен Асанов Бауыржан төрешелік етті.Жарыс