Сарыағаш медресе-колледжінің жанында салынып жатқан мешітке қаражат та, жұмыс күші де жетіңкіремей жатыр. “Көп түкірсе көл болады”, “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген бабаларымыздың өсиетіне құлақ түріп асарлатсақ игі еді.
Мешітті салуға атсалысқандарға мол сауап жазылады əрі жəннатқа жеткізер жолы жақындай түседі.
Сарыағаш аудандық орталық мешітінің Жастар ісі бөлімінің бастамасымен бірқатар жамағат асарға барды. Таңертеңнен қара кешке шейін құрылысқа көмектесіп қайтты.
Жұртшылықты Алланың үйін көтерісуге асарға шақырамыз. Көмек қолын созушыларға Алла Тағала разы болсын!