MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ұстаз – ұлағатты есім

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Олай дейтініміз, ел билеген парасатты патшаның да, дүлдүл ақынның да, ержүрек батырдың да өз ұстазы болғаны анық.

Бүгін колледжімізде ұстаздар  мерекесін  жоғарғы деңгейде атап өттік.

Ең алдымен шарамызды колледжіміздің директоры Әбдіғаппар Шәкірұлы ашып берді. Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П. Тұрсынбаев атынан  төмендегі  мұғалімдеріміз алғыс хатымен марапатталды.

Жакипов Ж, Раманкулов Е, Қасымов.Н, Айбосинова М, Кулбаева А

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасың төрағасы мүфти хазрет Серікбай қажы Ораз да төмендегі ұстаздарымзды марапаттап алғыс хатын жолдады.

Калходжаев М, Кадиров Е, Раимбаев А, Жакипов Б, Қалжанов Е, Махсутов А, Сманова  Р, Аюпова  Ф, Ерматова  Д, Байтемирова Г

Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о әкімі Аширов Абай Зайдинұлы да өз кезегінде төмендегі ұстаздарымызды алғыс хатымен марапаттады.

Төребеков Н, Сманов Р, Бурисова П

Басқа да ұстаздарымзды ұмыт қалдырмай колледжіміз директорының алғыс хатымен марапатталды.

Марапттан соң колледж шәкірттерінің дайындаған қойылымдарын тамашалап, ұстаздарға арнап дастархан жайып келген қонақтармен шәкірттерге ас тартылды.

Сарыағаш  медресе колледжі баспасөзі

 

 

Related Post

Түркістан облысында аттестаттау басталдыТүркістан облысында аттестаттау басталды

Биылғы сараптаудан өткізудің тәсілі бұрынғысынан өзгерек. Алып-қашпа әңгімеден аулақ болу үшін дін қызметкерлерінің білім деңгейін таразылауда ашықтықты қалыптастыру қолға алынды. Яки, бұдан былай тест электронды түрде тапсырылады.

⚜️Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу қажет.⚜️Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу қажет.

🔰Осы жайында 7-қараша күні Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы шәкірттерге “Алланың сүйген құлдары” жайында керемет уағыз-насихат айтты. 🔰Уағыз кезінде шәкірттерге Құран аяттарынан, хадистерден мысал келтіріліп, насихатты одан сайын маңызын айқындады.