MEDRESE.KZ Жаңалықтар Мәуліт шәріп

2016 жылы 31 қаңтар күні Сарыағаш ауданы, Абай ауылының орталық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) мәуліт күнінінің рухани кеші өтті.
Рухани кешке Оңтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы Ахметжан Керімбеков, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, Абай ауылының әкімі Алмас Сексенбаев, Сарыағаш ауданының бас имамы Қанатбек Кенжебеков және аудандағы барлық Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының филлиалдарының имамдары, аудан тұрғындары қатысты.
Кеште Сарыағаш медресесінің шәкірттері рухани әндер айтып, қара өлеңдер оқып, көріністер көрсетіп, және бейнероликтер көрсетті. Сарыағаш ауданы Абай ауылында орналасқан «Ешан баба» мешітінің имамы Айдар Садықов Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға құран бағыштады.
Оңтүстік Қазақстан облысының имамы Ахметжан Керімбеков Мәуліт кеші жоғары дәрежеде атап өткенін айтып, ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

12647203_154914444887810_8648811422932602843_n 12592680_154913704887884_6519902871579075535_n

Related Post

⚜️Аптаның әр сәрсенбі және жұма күні ислам орталығында дәстүрлі түрде шәкірттерге арнайы уағыз насихат жүргізілетіні баршаңызға мәлім.⚜️Аптаның әр сәрсенбі және жұма күні ислам орталығында дәстүрлі түрде шәкірттерге арнайы уағыз насихат жүргізілетіні баршаңызға мәлім.

🔰Сол дәстүр бойынша күні кеше ислам орталығында Ұстаз Шәкір Рамазан тек қана медресе шәкірттеріне Ардақты Елші Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянынан сыр шертіп, қазіргі таңға дейін жеткен

БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫБІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

24.02.2022ж атаулы оқу орнында студенттермен белгілі уағызшы, имам, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздың «БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Білімнің құндылығы және маңыздылығы туралы түсінік

Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.

Қасиетті жұма күні елімізге белгілі ғалым, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, көптеген кітаптардың авторы Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.Сарыағаш медресе колледжі ұжымы атынан ғалымның отбасына қайғырып көңіл айтады. Алла Тағала