С: Қой зекеті жайында не дейсіз?
Ж: Қой саны қырыққа толмаса, зекет берілмейді. Жайылымда жүргеніне бір жыл толған қой саны 40 (қырыққа) жетсе, одан 120 (бір жүз жиырмаға) дейін 1 (бір) қой зекеті ретінде берілуі парыз саналады. 121 (бір жүз жиырма бірден) 200 (екі жүзге) дейін 2 (екі) қой, 200 (екі жүзден) асса 3 (үш) қой, 400 (төрт жүзге) жетсе 4 (төрт) қой беріледі. Кейін әр 100 (жүз) қойдан 1 (бір) қойды зекет ретінде беру парыз.
С: Ешкі мен қой үкімі бірдей ме?
Ж: Иә, бірдей.