MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сиыр зекеті

С: Қанша сиырдан зекет беріледі?

Ж: Отыздан кем шаруа сиырынан зекет берілмейді. Ал сиыр саны 30 (отызға) жетсе, отызының далада жайылғанына бі ржыл болса, одан бір жасар өгіз немесе тана зекет ретінде берілуі парыз саналады. 40 (қырыққа) жетсе, одан екі жасар бұқа немесе құнажын. 40 (қырықтан) 60 (алпысқа) жеткенше жоғарыдағыдай яғни әр отыздан бір жасар бір мал, әр қырықтан екі жасарын беріп отыру парыз. Имам Әбу Ханифаның (р.а) үкім – шарты бойынша, 40 – 60 дейін бір сиырға көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан бірін (оннан бірінің төрттен бірін), екеуге көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан екісін (оннан бірінің жартысын), үшеуге көбейсе екі жасар қара мал құнының қырықтан үшін (оннан бірін) беру керек деп санаған. Имам Әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммедтің (р.а) үкім шарты бойынша, 40 (қырықтан)  60 (алпысқа) дейін ештеңе парыз емес. Кейін сиыр саны 60 (алпысқа) жетсе, бір жасар бұқа немесе танадан 2 (екеуін), 70 (жетпістен) 1 (бір) бір жасар бұқа мен 1 (бір) екі жасар құнажын, 90 (тоқсаннан) 3 (үш) бір жасар бұқа беріледі. Мал саны 100 (жүзге) жетсе бір жасар 2 (екі) бұқа, екі жасар « (1) құнажын беру парыз. Кейін осы парыз санақтың есебі әр он сиырда бір жасардан екі жасарға ауысып отырады.

С: Жабайы өгіздерден қанша зекет беру парыз?

Ж: Жабайы өгіздер мен шаруа сиырлардың зекет есебі бірдей.

 

Related Post

ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияландыҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.

Стамбулдағы тарихи мешітте өрт болдыСтамбулдағы тарихи мешітте өрт болды

Кеше 25 қаңтар күні сағат таңғы 6.30 да Стамбулдағы тарихи жәдігерлердің бірі, Қажы Мустафа –паша мешітінде өрт шықты деп хабарлайды Sozcu.com сайты. Алдымен өршіген отты мешіт имамы көріп қалып өрт

«Салауатты өмір салты тек спортпен байланысты ма?» Коледжімізде кезекті жоспарға сай Салауатты өмір салты тек спортпен байланысты ма? атты тақырыпта студенттер арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс АПФ фарматта болды. АПФ – (Америкалық парламенттік формат) әлем бойынша ең атақты әрі қызықты формат. Онда үкімет және оппозиция тарапы болады. Үкімет тобында премьер-министр және спикер, ал оппозиция тобында лидер және спикер болады. Бұл ойын түрінде аргумент және оның маңыздылығы есепке алынады. Қорытындылай келе студентер пікірсайысты қызықты тартысты өткізді.«Салауатты өмір салты тек спортпен байланысты ма?» Коледжімізде кезекті жоспарға сай Салауатты өмір салты тек спортпен байланысты ма? атты тақырыпта студенттер арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс АПФ фарматта болды. АПФ – (Америкалық парламенттік формат) әлем бойынша ең атақты әрі қызықты формат. Онда үкімет және оппозиция тарапы болады. Үкімет тобында премьер-министр және спикер, ал оппозиция тобында лидер және спикер болады. Бұл ойын түрінде аргумент және оның маңыздылығы есепке алынады. Қорытындылай келе студентер пікірсайысты қызықты тартысты өткізді.