MEDRESE.KZ Жаңалықтар Мемлекеттік емтихан тапсырды

Мемлекеттік емтихан тапсырды

Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу, білім алу парасаттылыққа қол жеткізудің негізгі баспалдағы. Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

«Сарыағаш медресе колледжінің» бітіруші шәкірттері Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен мемлекеттік емтихан тапсырды.

Аталмыш емтиханды Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі , ОҚО орталық  мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов, «Шымкент медресе колледжінің» ұстазы Абдиров Айтжан  қабылдады.

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге  Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

 _MG_9586 _MG_9614 _MG_9634

Related Post

БасталдыБасталды

Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.

⚜️Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). “Мұсылман-мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды.⚜️Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). “Мұсылман-мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды.

🔰Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді.Кімде -кім мұсылман бауырының қайғы мұңын сейілтсе, Алла Тағала оның қиямет қайымның бір қайғысынан құтқарады.Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла