MEDRESE.KZ Ғибратнама Бес маймылдың мысалы

Темір тордың ішіне бес маймыл қойылады. Ортада бір саты тұр. Сатының үстінде жіппен байлаулы әдемі жемістер. Маймылдар сатыға шығып, әлгі жемістерге ұмтылғанда, жоғарыдан мұздай су құйылады. Әр маймыл жемістерге ыршып секіргенде, жоғарыдан мұздай су құйылады. Маймылдар тастай суға бұланып, жаурап қалады.Біраздан соң жеміске карай жүгірген маймылды өзге маймылдар тоқтата бастайды. Тастай су тоқтатылады да, маймылдардың бірі сыртқа шығарылады. Оның орнына еш нәрседен хабары жоқ басқа бір маймыл қойылады. Торға кірген маймыл ішкі түйсікпен болса керек, жемістерді көрген бойда, сатыға қарай ұмтылады. Бірақ бұрынғы төрт маймыл оны жібермейді, тіпті ұра бастайды. Содан соң су болған маймылдың тағы бірі шығарылып, орнына басқа маймыл кіргізіледі. Ол да жемістерге жүгіріп, өзге маймылдардан таяқ жеп тынады. Осы маймылды ең аяусыз сабаған жаңа ғана кірген маймыл болып шығады. Ол жаңа ғана өзі еш себепсіз таяқ жеген еді. Суға жаураған маймылдың тағы бірін сыртқа шығарады. Оның орнына кірген маймыл жеміске ұмтылып, өзге маймылдардан қатты таяқ жейді. Бұл маймылды да ең қатты сабағандар жаңа ғана сырттан кірген екі маймыл болып шығады. Шындығына келгенде, олар сырттан кірген үшінші маймылды не үшін сабап жатқандарын да білмейді. Сөйтіп бірінші топтағы маймылдардың барлығы да басқа маймылдармен ауыстырылады. Сатының үстінде ілулі тұрған жемістерді барлығы да ұмытады. Олар тек сырттан кірген маймылды сабаумен болады. Неліктен деп ойлайсыз?

Өйткені мұнда осындай дағды қалыптасқан. Бұрынғының жолы солай… Жоғарыдағы мысал біз адамдарға да сабақ боларлық. Көпшілік проблеманың негізін зерттеп, оның шешімін табудың орпына, қисық та болса бұрынғының жолын ұстануды дұрыс санайды. Олар бұрынғының жолын орындау үшін аяусыздық пен қатыгездікке де баруы ғажап емес.

 

«Өзін өзгерпегенді Аллан өзгертпейді»,- деген. (Құран, 8/53).

Related Post

Мас көршіМас көрші

Имам Ағзам хазреттерінің бір көршісі бар еді. Үйлері тиіп тұратын. Әр күні түнде үйіне ішіп келіп, таңға дейін ән айтып, саз шалып, шулап имам Азам хазреттерінің мазасын қашыратын.

Бізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұғаБізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұға

Автор: Әду Нұрболат ( Ғибратнама ) Дұғаның қабыл болуы немесе қабыл болмауы адамның рушылдығынан немесе әруақтардың қолдауымен емес, керісінше адамның шариғат үкімдерін қаншалықты деңгейде орындағанына байланысты. Пенде Алла Тағаланың үкімін