MEDRESE.KZ Жаңалықтар Жаңылу сәждесі

Бір күні мешітте шәкірттерімен бір мәселені талқылап отырған ғұлама, дәрісіне үзіліс беріп,шәкірттеріне тынығып алыңдар дейді. Сол кезде мешітке үнемі келіп, жұрттан көрген намазын оқып , біресе жығылып, біресе жығылып, біресе тұрып күбірлеп жүретін есі басы кемістеу жігітті көзі шалған ғұлама қасына шақырып әңгімеге тартады :

— Сен бізге айта қойшы, Сәху сәжде деген не?- деп сұрайды.

Сонда әлгі жігіт:

— Сіздің саху сәждеңізбе , әлде өзімнің саху сәждемді ме? – дегенде ғұлама іштей, мен білетін саху сәжде біреу,мынау тағы не нәрсе айтпақшы өзі, деп таңырқап тұрады да:

— Жарайды алдымен менікін айт, сосын өзіңдікін айтарсың – дейді.

— Сіздің саху сәждеңіз намазда жаңылғанда екі рет қосымша сәжде. Мысалы , намаздың парызын кешіктіргенде, яки бір уәжіпті ұмытып тәрк еткенде намаздың соңында қателесу сәждесін жасайсыз. Ал менің саху сәждем: Мен қай кезде Аллаһты ұмытсам , сол кезде «жаңылғаным үшін кешіре гөр» деп сәждеге жығыламын, — деп жауап бергенде әлгі ғұлама жігіттің жауабына таң қалып , қанша нәрсе білсе де өзінен төмен санап жүрген өмірлік үлкен сабақ алып үйренері көп екенін түсінген екен.

Related Post

Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!

21-қазан күні Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында “18 қазан – Рухани келісім” күні мерекесіне орай жиын өтті. Аталмыш мәжіліскеаудан аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту