MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қош келдің Мәуліт!

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде жиын болып өтті.

Мәуліт араб тілінен аударғанда «туылған, дүниеге келген» деген мағынаны білдіреді. Мәуліт тек Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с) тән ұғым. Бұл мерекеде күллі жамағат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір жолына кеңінен тоқталып, ғибрат істеріне мадақ айтады.

Жиынға ауданымыздың бас имамы Қанат Кенжебеков келіп кешімізде қонақ болды.  Аудан имамы Мәуліт жайында тоқталып елімізде мұны бидғатқа шығаратындар да бар екеніне тоқталып Мәуліт жайлы түсіндіріп өтті. Мысыр елінен келген Сарыағаш медресесінің ұстазы  Ахмад  Хэгази  Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік, Аллаһтың соңғы Пайғамбарына с.а.у берген нығметі жайлы уағыздап берді. Кешімізде  діни өлеңдер оқылып,  жиынымыз соңында медресеміз ұзақтан жақыннан келген жамағатқа арнап дастархан жайды.

 

Related Post

КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІКІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ

2022 жылдың 5-наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде кітап жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: ислами кітаптарды оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.Сонымен қатар аз