Ұзақ жылдар бойы зәмзәм суы мен кристалдары бойынша зерттеу жүргізген мұсылман зерттеуші мамандармен қатар жапон және неміс ғалымдары да жасаған зерттеулерінің нәтижесінде зәмзәм суының ғажайып сырларымен бөлісті.

Шөлдің қақ ортасында орналасқан, 4 мың жыл бойы бұзылмастан, ластанбастан, балдыр баспастан аққан қасиетті «зәмзәм» суы жыл сайын қажылық пен умра үшін келетін миллондаған мұсылмандарды азықтантыруда. Қалайша бір құдық осыншама адамға жетуде? Мәсжиди харамның ішінде Хажари әсуәд бұрышының тұсынан шығатын зәм-зәм суының берекесі және хикметтері батыс ғалымдарын таң қалдырмай қоймады.

Зәм-зәм суы және кристалдары жайлы зерттеу жүргізген мұсылман емес ғалымдар зерттей келе судың ғажайып сырларынан хабардар болды. Солардың бірі неміс ғалымы Кнуф Пфеиффер. Рен өзенінің суынан ішкен адамның энергиясы азайғанын анықтаған Пфеиффер, суларды зерттеу кезінде біраз мөлшерде зәм-зәм суын табады. Мұсылмандардың аса мән беретін және құнды сыйлық ретінде бір-біріне сыйлайтын бұл суды сынақтардан өткізеді. Сынақтар нәтижесінде, адам зәм-зәм суын ішкеннен 35 минуттан кейін жеңілдік, жан рахатын сезінетінін дәлелдейді. Зерттеуін одан әрі тереңдете келе таң қаларлық шындықты көреді. Судың ұйыту ерекшелігі бар екендігін, бір стакан суы бір шелек құбыр суын тазалайтынын және бұл ерекшелігімен күш-қуат және шипаның қайнар көзі екенін дәлелдеген Пфеиффер: «Зәм зәм суы қандай жағдайда болса да өзгермейді, бірақ басқа суларды өзгертеді.» деді.Неміс ғалымы сөздерін былай жалғады: «Таңқаларлық тәжірибе жасадым. Бір тамшы зәм-зәм суын жүз тамшы қарапайым үй суымен араластырдым. Нәтижеде судың барлығы зәм-зәм суына айналды. Кейін бір тамшы зәм-зәм суын мың тамшы қалыпты суға араластырдым. Онда да судың барлығы зәм-зәм суына айналды. Бұның себебі не? Не үшін?.. Зәм-зәм суында қуатты энергия бары соншалық, басқа суларды өзгертеді, бірақ өзі өзгермейді.»

Жасалған зерттеулер бойынша зәм-зәм суының алғаш шығатын жеріндегі температурасы 37 градус. Қандай ниетпен ішілетін болса, сол ауруға шипа болатындығы, ниетіне қауышатындығы және 66 есімі бар зәм-зәм суы, әртүрлі дыбыстар шыққанда әртүрлі формаға айналады. Мұны Жапон ғалымы Масару Эмото дәлелдеп шықты. Зәм-зәм кристалдарын алғаш рет микроскоп арқылы зерттеген Эмото, суды әртүрлі дыбыстармен зерттеп көреді. Зерттеудің нәтижесінде су кристалдары шіркеу қоңырауының дауысына қарайып, бұлыңғыр рең алып, Құран кәрім және азанның дауысына нұрланып, жарқырай түскені, әр бір кристалдардан Қағба-и муаззамаға ұқсайтын ұлпа пайда болғаны мәлімденді. Эмотоның айтуы бойынша зәм-зәм суы физикалық және химилық жағынан жер бетіндегі бүкіл сулардан өзгеше. Эмото: «Зәм-зәм, айналасындағы болып жатқан бүкіл өзгерістерді есіне сақтайды. Формасы өте өзгеше. Мұсылмандардың не үшін ауруларын емдер кезде Құран кәрімнен сүрелер оқып, суға үрлейтінін енді жақсы түсіндім» деді.

Өмірін зәм-зәм суын зерттеуге арнаған, Саудтық инженер Яхйа Хамза Кочак, зәмзәмнің тамшыларындағы жасырын сырларды жапон ғалымдарынан қалай үйренгенін былай түсіндірді: «12 жыл бұрын Лос Анжелесте бір конференцияда жапон ғалымы Масару Эмотомен таныстым. Судың есте сақтайтын қасиеті бар екендігін және бір дауыстан екінші дауысқа өтерде судың қалай әсерленетінін түсіндіріп жатқан еді. Конференция біткен соң онымен сөйлестім. Біз мұсылмандар бір стакан суға Құран кәрімді оқып үрлеп, оны ауруға ішкіземіз. Және зәм-зәм суымыз бар. Ішілген кезде ниетке қарай пайда беретіні айтылады. Сол зәм-зәм суына зерттеу жасай аласыз ба, деп өтініш білдірдім. Зерттеу кезінде маған Құран кәрімді кім оқиды, деді. Лос Анжелес пен Токиодағы Ислам орталығында оқитын адамдар бар екендігін айттым. Содан он жыл өткеннен кейін маған ішіне азан оқылған су мен кристалдардың тәжірибеден өткізілгені туралы жазылған кітап жіберіп, мені таң қалдырды. Зерттеуді жасапты және бұған қатысты кітап та жазып шығыпты. Су бисмилләһ, Құран кәрім және азан оқылған кезде формаларын өзгертеді. Кристалдар Мәсжид-әл харамның спутниктен түсіріліміндегі пішініндей.»