MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). “Мұсылман-мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды.

⚜️Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). “Мұсылман-мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды.

🔰Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді.Кімде -кім мұсылман бауырының қайғы мұңын сейілтсе, Алла Тағала оның қиямет қайымның бір қайғысынан құтқарады.Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады.” -деген.(Бұхари,Муслим)

🔰Колледжімізде қараша айында “Жанға жылулық сыйла “атты акциясы өткізіліп ,әлеуметтік көмекті қажет ететін, көп балалы отбасынан шыққан, атаулы көмек мәртебесіне ие аз қамтылған отбасынан ,жартылай және тұл жетім, жалпы алғанда 145 студентке “Жаннатул Фердауси” Қайрымдылық қоғамдық қоры тарапынан қыстық жылы етік-курткалар және жылы киімдермен қамтамасыз етілді.

🔰Осындай ізгі де, хайырлы іс-шараға ат салысқан барша жандарға Алла Тағаладан ел игілігі үшін жасап жүрген ізгілікті істеріңізге береке беруін тілейміз!

Related Post