Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор Пеями Баттал, профессор Метин Йылмаз сондай-ақ теология факультетінің деканы, профессор Досай Кенжетайұлы медресе шәкірттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында шәкірттерді университетке оқуға шақырып, оқу орын туралы, және ондағы мүмкіншіліктер жайлы сөз қозғады.
Шәкірттеріміз қызығушылық танытып, сұрақтар қойып мардымды жауап алды.
Аталған жиында соңында Түркістан қаласынан келген қонақтар шәкірттерге дұға жасап, ізгі тілектерін жеткізді.