Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыс бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жастар арасында «Дебат қозғалысын» дамыту мақсатында 2023 жылғы 1 сәуір күні «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны базасында өткізілген облыстық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Аталған жарыста студенттеріміз топ жарып 2 орын иемденді. Жарыста Жеңісбек Зайнуддин ұстаз жетекшілік етіп Дәулет Жарылқасын мен Бөкен Нұртас қатысты. Сондай-ақ Бөкен Нұртас шәкіртіміз “Үздік спикер” номинациясымен марапатталып, жеңісті еселеді. Шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!