MEDRESE.KZ Жаңалықтар Мемлекеттік емтихан тапсырды

Мемлекеттік емтихан тапсырды

Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу, білім алу парасаттылыққа қол жеткізудің негізгі баспалдағы. Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

«Сарыағаш медресе колледжінің» бітіруші шәкірттері Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен мемлекеттік емтихан тапсырды.

Аталмыш емтиханды Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі , ОҚО орталық  мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов, «Шымкент медресе колледжінің» ұстазы Абдиров Айтжан  қабылдады.

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге  Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

 _MG_9586 _MG_9614 _MG_9634

Related Post

Діни сауат ашу курсыДіни сауат ашу курсы

Бисмилләһир рахманир рахим. Әссәләму алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу! Сарыағаш медресе колледжінің жанында ашылған «діни сауат ашу» курсына шақырамыз.(Ер адамдар үшін) Келушілер назарына!!! Құжаттар тізімі: 1.Төлқұжаттың түп нұсқасы және көшірмесі

«НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды«НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтылды

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 03.05.2022 ж колледж шәкірттеріне «НАМАЗ» тақырыбында уағыз насихат айтты. Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман