MEDRESE.KZ Жаңалықтар,Медресе,Хабарландыру 10.12.2021ж ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында жаңадан салынған Әбдусаттар Сманов атындағы мешіттің ашылуына қатысты.

10.12.2021ж ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында жаңадан салынған Әбдусаттар Сманов атындағы мешіттің ашылуына қатысты.

Елімізге белгілі ғалым, дін қайраткері Әбдусаттар Шәкірұлы есімімен аталған мешіттің ашылу рәсімі Құран оқумен басталса, алғашқы болып Бас мүфти құттықтау сөз сөйледі.

«Ағайынды Смановтар – баршамызға белгілі дін саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан үлкен әулет. Бүгінде сол әулеттің ұйытқы болуымен ашылған «Сарыағаш» медресесі болашақта имам-ұстаз болуды армандаған қазақтың қарадомалақ ұл-қызының қиялына қанат бітірген әрі еліміздегі таңдаулы діни оқу орындарының қатарында. Ұстаз Әбдусаттар Шәкірұлы ұлтқа, дінге адал қызмет еткен, ажалы жеткенше шәкірттеріне дәріс берген білікті ғалым, майталман маман еді. Мінеки, бүгін Әбдусаттар Шәкірұлының есімі берілген мешітті ашып отырмыз. Жаңа ғимараттың іші-сыртын Алла Тағала нұрға толтырып, Әбдусаттар ағамызды рақымына алғай» деді ҚМДБ төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі болған марқұм Әбдусаттар Сманов жайлы ғибратты естелік айтып, осы мешіттің бас имамы Берік Шотабековке  қасиетті Құран Кәрім мен кәде сыйлық табыс етті.

Бұдан кейін «Сарыағаш» медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбдужапар Сманов Бас мүфтиге ризашылығын білдіріп, мешіт салған азаматтарға алғысын жеткізді. Салтанатты шара аясында дінтанушы Мұхамеджан Естеміровтың Әбдусаттар Сманов туралы жазған  «Ұстаз ұлағаты» кітабы үлестірілді.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 1500-2000 адамға арналған жаңа мешітте жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы үшін дұға жасады.

Related Post

«Тәртіп және Біз», «Жемқорлықпен күрес қоғам борышы»«Тәртіп және Біз», «Жемқорлықпен күрес қоғам борышы»

Колледжіміздің заңгері Қ. Палмановпен директордың тәрбие ісі жөнiндегi орынбасары Қ. Исмаиловтың қатысуымен «Тәртіп және Біз», «Жемқорлыкпен күрес коғам борышы» атты тақырыпта медресе студенттерімен кездесу болып өтті. Бір жылын ойлаған күріш

АДАМҒА АЛҒЫС АЙТПАҒАННЫҢ, АЛЛАҒА ШҮКІРІ ЖОҚАДАМҒА АЛҒЫС АЙТПАҒАННЫҢ, АЛЛАҒА ШҮКІРІ ЖОҚ

Алғыс айту – халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін, ризалық сезімін білдіретін бата-тілек дәстүрі. Белгілі әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» – деген