MEDRESE.KZ Жаңалықтар 1 мамыр Бірлік күні!

Дінаралық және ұлтаралық түсіністік – Ислам дінінің негізгі жолының бірі. Алла тағала Құран Кәрімде «Сіздерді біз бір атадан, бір анадан жараттық, бір-біріңмен танысып, білісу үшін түрлі ұлттарға, руларға бөлдік» дейді.

Барша мұсылман бір-біріне туыс, бауыр. Сонымен қатар, көршімен және басқа да діндегілермен өзара қарым-қатынас сияқты мәселелердің жол-жобасы бізге белгіленіп берілген.

Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы көп жерде баяндалған. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де адамзаттың ауызбіршілігі уағыздалған. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінде: «…Бөлінбеңдер», – деп бұйырған.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «…Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп өсиет еткен. Дін ғұламалары қашан да барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз кезегінде жамағатты әркез бірлікке шақырып, жақсылыққа үндеп келеді.

Related Post

ЕмізуЕмізу

«Бала емізуді толық аяқтамақшы болған аналар екі жыл емізу керек. Қағида бойынша (сол мерзімдегі) аналардың жемек-ішпегін, киім кешегін баланың әкесі міндетіне алуға тиісті.

ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ.ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ.

7-9 ақпан аралығында 2022жылы Түркістан облысы Сайрам ауданында Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына арналған панкратионнан балалар, жасөспірімдер, жастар ересектер және ардагерлер арасында өткен Түркістан облысы

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Сарыағаш медресе колледжі барша қазақ елін мерейлі мерекемен құттықтайды!