MEDRESE.KZ Жаңалықтар ОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өтті

ОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша облыстық орталық мешітінде «VI Республикалық Құран жарысына» орай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қариларды іріктеу туры өтті.

Сонымен қатар ОҚО Қариларына жатқа білу деңгейі, тәжуид, қирағат, ақида және фиқһ  бойынша аттестациялау өткізілді. Аттестациялау комиссиясы құрамына елімізге танымалғалымдар мен қарилар кірді. Олар: 1. А.Керімбек (ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы, комиссия төрағасы), 2. Ә.Сманов (ҚМДБ «Сарыағаш» медресесінің директоры), 3. К.Садықов  (Қари, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы), 4. Абдулалим Жабир (Қари, Мысыр), 5. Мухаммад Мунтасир (Қари, Мысыр), 6. Худайбергенов Улугбек (Қари, Шымкент), 7. С.Олжабай (Республикалық Қарилар орталығының директоры, Астана).

Қала және аудандардан жалпы 30-ға жуық қари бақтарын сынады. Олардың ішінде үздік шыққандар «VI Республикалық Құран жарысына» жолдама алса, 30 пара жаттаған барлық қариларға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.Керімбектің атынан арнайы сертификаттар табысталды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Related Post

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Қасиетті түні Сарыағаш Ислам Орталығында ақшам уақытынан таң намазына дейін уағыздар айтылып, дұға жасалады.

Қош келдің Мәуліт!Қош келдің Мәуліт!

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде