MEDRESE.KZ Жаңалықтар ✍ Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

✍ Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.

Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Related Post

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ!ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ!

Колледжіміз әдіскерлері Қалмұратов Темур мен Сманова Нуржамал ұстаздардың ұйымдастыруымен оқытушылардың кәсіби-педагогикалық деңгейін ұдайы көтеру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік біліктілігін үздіксіз жетілдіру, модульдік оқыту бағдарламасының мақсаттары, оқытудың озық әдіс-тәсілдері, тәжірибе