Колледжіміз әдіскерлері Қалмұратов Темур мен Сманова Нуржамал ұстаздардың ұйымдастыруымен оқытушылардың кәсіби-педагогикалық деңгейін ұдайы көтеру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік біліктілігін үздіксіз жетілдіру, модульдік оқыту бағдарламасының мақсаттары, оқытудың озық әдіс-тәсілдері, тәжірибе барысында пайдалануға бағыттау, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды саралау, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы білім кепілі» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарды жалпы және әлеуметтік пәндер кафедрасы оқытушысы, әдіскер Қалмұратов Темур жүргізді. Компьютерлік технология арқылы 10-нан аса әдіс-тәсілдердің дәрісте қолдану мақсаттарын түсіндіре отырып, тәжірибеде көрсетті.