MEDRESE.KZ Ғибратнама Әкенің қызықты тәжірибесі

Әкенің қызықты тәжірибесі

Әке мен қызы әңгімелесіп, дерттесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуді білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі бәрін тыңдап болғаннан кейін «Кел қызым, саған бір нәрсе көрсетейін» деп асханаға алып барады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Пеш үстіне бірдей көлемде үш ыдыс қойып, үшеуіне де бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің де астына бірдей мөлшерде от жағады. Бірінші ыдысқа бір дана сәбіз, екінші ыдысқа бір дана жұмыртқа, ал үшіншісіне бір уыс ұсақталмаған кофе дәндерін салады.
Және үшеуін де тура жиырма минут қайнатып, кейін отын өшіреді. Үстелге екі табақ және бір стақан қояды. Алдымен піскен сәбізді алып бір ыдысқа салады. Кейін әбден піскен жұмыртқаны алып екінші ыдысқа салады. Және ең соңында суға жақсылап сіңген және бабына келген кофені алып бір стаканға құяды.

Әкесі қызынан: «Қызым не көріп тұрсың?» деп сұрайды. Қызы: «Сәбіз, жұмыртқа, кофе» деп жауап береді. Кейін қызының қолынан ұстап үстелдің жанына апарып, жақынырақ тұрып көрсетеді. Сол кезде қызы: «Не көрем басқа, жұмсақ піскен бір сәбіз (бір шанышқымен батырып жұмсақтығын байқап көреді), ал мынау піскені соншалық, іші қатып қалған жұмыртқа (жұмыртқаны қолына алып ұстап көреді, тіпті үстелге ұрып, жарып та көреді) және бір стакан кофе көріп тұрмын (ішіп көріп) дәмі өте күшті. Әке, мұны маған не үшін көрсетіп жатырсыз?» деп сұрайды.

Әкесі: «Қара, барлығы бірдей көлемдегі ыдыста, бірдей ыстықтықта, бірдей уақытта қайнады. Бірақ әрқайсысы әртүрлі әсерленді, әртүрлі деңгейде пісті. Сәбіз алдын қатты, қуатты еді, бірақ қайнатылғаннан кейін жұмсарды, тіпті әлсіз болып қалды. Жұмыртқа әуелде тез сыңғыш, жай тисең жарылып кететін еді, бірақ қайнатылғаннан кейін қатайды. Ал бір уыс кофе дәндері алдын қатты, барлығы бір-біріне ұқсайтын еді, бірақ қайнатылғаннан кейін не болды, кофе дәндері жұмсарып, құрамындағылар суға араласты. Бөлмеге хош иіс, дәм таратты және суды теңдессіз дәмді бір кофеге айналдырды. Қызым сен осылардың қай бірісің?» деп сұрады. «Қиыншылықтарға тап болған кезіңде қалай қарсы аласың (қалай жеңесің)? Сен сәбізсің бе, жұмыртқасын ба әлде кофесің бе?»

Ал сіздер ше қадірлі оқырмандар? Алдын қатты, қуатты болып, қиыншылықтарға тап болған кезде жұмсап, әлсіреп қалатын сәбіз сияқтысыздар ма? Әлде жұмыртқа сияқты сынып кететін жұмсақ болып, қиыншылықтарға (мысалы өлім, ажырасу, дағдарыс т.б) тап болған кезде күшейіп бекем боласыздар ма? Әлде кофе сияқтысыздар ма? Кофе ыстық судың өзін өзгертеді, тіпті судың ыстықтығы ең жоғарғы дәрежеге көтерілгенде, өте ләззатты, дәмді кофеге айналады. Ләззаты ең жоғары деңгейге жетеді. Егер сіздер осы кофе дәндері сияқты болсаңыздар, айналада қанша қиыншылық болса да, бұларды жақсы, дұрыс жағына айналдыра аласыздар. Айналаға жақсы дәмдер, жақсы сезімдер қосасыздар. Өзіңізді және айналадағыларды жақсарту, гүлдендіру үшін әрекет жасайсыздар.

Қай бірі болғыларыңыз келеді? Шешім қабылдаңыздар!

Өзбек тілінен аударған

                                                Байтемирова Гүлімхан

Related Post

Бізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұғаБізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұға

Автор: Әду Нұрболат ( Ғибратнама ) Дұғаның қабыл болуы немесе қабыл болмауы адамның рушылдығынан немесе әруақтардың қолдауымен емес, керісінше адамның шариғат үкімдерін қаншалықты деңгейде орындағанына байланысты. Пенде Алла Тағаланың үкімін

АшуланбаАшуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды. Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді. Тайпаның көсемі бұл қысқа

Шыншылдықтың сыйыШыншылдықтың сыйы

XVI ғасырда Осман императоры билік жүргізетін аймақта, бай-бақуат бір саудагер сауда жасау мақсатымен, елінен жырақ жерге шығады. Ол жол бойында бес жүз алтын салынған қобдишасын жоғалтып алады. Қазынасының жартысына тең