MEDRESE.KZ Ғибратнама Әбу Һурайра мен шайтан әңгімесі.

Әбу Һурайра мен шайтан әңгімесі.

Аллаһ елшісі с.ғ.с сахабасы Әбу Һурайра р.а былай әңгімелейді: «Аллаһ Елшісі с.а.у маған Рамазан айының зекетін (пітір садақасын) қарауылдауды тапсырған болатын. Бірде түнде зекетті қарауылдап тұрған кезімде бір кісі келді. Келе сала зекет астығынан көсіп ала бастады. Мен оның қолынан шап беріп: «Уаллаһи, сені Аллаһ елшісіне апарамын»,- дедім. Ол: «Мен бір мұқтаж адам едім. Менің балаларым көп, қатты тарықтым»,- деп жалынды. Содан соң мен оны қоя бердім. Таңертең тұрып Пйғамбарға с.ғ.с барғанымда ол маған: «Иә, Әбу Һурайра! Кеше сенің тұтқының не істеді?»- деп сұрады. «Иә, Расулуллоһ с.а.у! Ол маған өзінің қатты қиын жағдайда екендігін, балаларының көптігін айтып жалынды. Сосын оны босатып жібердім»,- дедім мен. Пайғамбар с.а.у : «Ол сені алдаған екен. Ол әлі қайтып келеді»,- деді. Аллаһ Елшісі с.а.у осылай айтқан соң келесі түні оның қайтып келетіндігін біліп аңдыдым. Айтқандай-ақ, ол қайта келді де зекет астығынан тағы да көсіп ала бастады. Мен оны ұстап алдым да: «Мен сені қазір Аллаһ Елшісіне с.а.у алып барамын,- дедім. Ол болса тағыда: «Жіберші мені, мен бір пақыр мұқтажбын, бала-шағам да көп. Ендігәрі бұл жерге аяқ баспаймын», -деді жалбарынып. Менің оған жаным ашып, босатып жібердім. Таңертең тұрып Пйғамбарға с.ғ.с бардым. Ол маған: «Иә, Әбу Һурайра! Тұтқының не істеді?» — деп сұрады. Мен: «Иә, Расулуллоһ! Ол маған өзінің қиын жағдайда екендігін, бала –шағасының көптігін айтып ақталды. Сосын жаным ашып, босытып жібердім», — дедім. Пайғамбар с.а.у : «Расында ол саған өтірік айтты. Ол әлі қайтып келеді», — деді. Сөйтіп мен оны үшінші рет аңдыдым. Айтқандай-ақ ол келді де, тағыда зекет малына қол сала бастады. Мен оны шап беріп ұстап алдым. «Мен сені Аллаһ елшісіне с.а.у алып барамын. Бұл енді ең соңғы мәрте. Сен өзің қайтып келмеймін деп қайтып келе береді екенсің», — дедім. Ол : «Мені жіберші. Аллаһтан пайда келтіретін сөздер үйретемін» , — деді. «Ол қандай сөз?» — деп сұрадым. Ол «Төсегіңе жатқанда Аятул-Курсиді оқып жат. Солай етсең саған Аллаһ тарапынан қорғаушы болады. Таң атқанша ешбір шайтан саған жақындай алмайды», — деді. Мен оны босатып жібердім. Таңертең  Расулуллоһ с.а.у менен: «Кешегі тұтқының не істеді?», — деп сұрады. Мен : «Иә, Рсулуллоһ! Ол маған ұйқыға жатарда Аятул – Курсиді толық оқып жат. Сонда таң атқанша саған Аллаһ тарапынан бір қорғаушы болады да ешқандай шайтан жолай алмайды деді», — дедім. Сонда Пайғамбар с.а.у : «ол нағыз өтірікші болса да бұл жолы саған шын айтқан екен. Сенімен үш түн бойы сөйлесіп жүргеннің кім екенін білесің бе, иә Әбу Һурайра?», — деді. Мен : «Жоқ»- дедім. Пайғамбар с.а.у: «Ол шайтан», — деді».

Related Post