Сарыағаш медресе колледжі қыздар бөлімінде, республикамыз бойынша діни оқу орындарының әйел ұстаздары арасында «Ұстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағы» атты конференциясы болып өтті. Конференциядан мақсат діни оқу орындарындағы білім беретін ұстаздардың тәжірибесімен бөлісу. Әр бір шәкіртпен жұмыс жасап, асыл дінімізді салиқалы түрде жеткізу. Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен ұлағатты ұстаздар келіп баяндама жасап еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Конференция соңында келген қонақтарға арнайы сертификат тапсырып, кешкі дастархан жайып қонақтарға арналған кешпен аяқтады
Төмендегі ұстаздар, тақырыптары бойынша баяндама жасады.
Сарыағаш медресе колледжі қыздар бөлімінен
Аюпова Феруза ( Пайғамбарымыз с.а.у оқыту әдістемесі)
Ерматова Дилфуза (Бала тәрбиесі)
Абдираманова Аманкүл (Көңілдің кілті — ұстаздың тілінде)
Қайназар Карима (Жаңа педагогикалық оқыту әдістемесі)
Шаполатова Малика (Ұстаз бойындағы ерекшеліктер)
Зарубаева Айнұр ( Баланы кітап оқуға баулу)
Байтемирова Гүлімхан (Әлеуметтік желінің пайдасымен зияндары)
Екібастұз қалалық мешітінен
Шадиева Зәуре (Шәкірттерді оқыту әдістемесі!
Қарағанды орталық мешітінен
Бакирова Арай ( Жастар ұлттық рух үшін)
Ақтөбе облысы «Нұр-Ғасыр» мешітінен
Бектаева Диляром ( Ұстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағы)
Шымкент медресесі
Телешова Мадина ( Тәлім тәрбиедегі әдістер)
Ергешова Малика (Ұстаздық міндет)
Алматы облысы «Үшқоңыр медресесі»
Жолдасбаева Нұргүл (Ұстазбен шәкірттің арасындағы қарым қатынас)