MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ұлағатты ұстаз өмірден озды

Ұлағатты ұстаз өмірден озды

Қазақ елі бүгін бір дін ғалымынан айрылды

ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің мүшесі, ОҚО, «Сарыағаш» медресесінің директоры Абдусаттар Сманов ұстаздың дін саласында жасаған еңбегі орасан.

Бірқатар ғылыми еңбектердің авторы болған ұстаз бауырларымен бірге «Сарыағаш» медресесін талай жылдардан бері басқарып, өте көп шəкірттер шығарды. Марқұмның шəкірттері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде дін қызметін абыроймен атқаруда.

Ұстаз өзінің артынан өте көп шəкірт, ғылым ордасын жəне тəрбиелі отбасын қалдырды. Ол кісінің балалары да дінге қызмет етуде.

Алла ол кісіні өз рақымына бөлеп, баршамызға сол кісінің дəрежесіне жетуге жазғай!

Cманов Абсаттар Шәкірұлы 1966 жылы қазан айының 5-жұлдызында Шымкент облысы Сарыағаш ауданы, Ленин совхозында (қазіргі ОҚО Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Ынтымақ елді-мекенінде) дүниеге келген.

Әкелерінен 8 ағайынды 3 әпкеси 1 қарындасы,  үлкен ағасы Абдішүкір қайтыс болған, одан кейінгі ағасы Абдужаппар, інісі Абдуғаппар.

1973 жылы М.И.Калинин атындағы орта мектепке барып 1983 жылы бітірді.

1984 -1986 жылдары әскери борышын өтеді.

1987 жылы еркін күрестен спорт шебері кандидаттығын орындады.

1987-1989 жылдары аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Сарыағаш балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қазақша күрестен жаттықтырушы болып қызмет етті.

1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен тәмәмдады.

1995 –жылдан 2010 –жылдар аралығында «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы       « Убай ибн Кааб» медресесін басқарды.

2002-2004 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасын үздік бітірді.

2009 –жылдан бері ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.

2008 -2010 жылдар арасында Құран Кәрімді толық қазақ тіліне аудармасын жазып шықты.

2010- жыл сәуір айының 29 –жұлдызында ҚМДБ ның төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің № 221- бұйрығымен — Сарыағаш медресесінің директоры — етіп тағайындалды.

17.05.2011 жылы «Руханият»Халықаралық мұсылман университетінің Ғылыми кеңесі — теология профессоры — академиялық атағы берілді.

2015 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев, Сманов Абсаттар Шәкірұлын Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медальімен марапаттады.

2015 жылы Туркия Республикасының Стамбул қаласындағы FATIH SULTAN MEHMET VAKIF университіндегі өткен конференцияда баяндама жасады.

2016 жылы «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры болып тағайындалды.

Бала шағалары; 5 ұл 1 қызы бар, барлығын білімді әрі діндар етіп тәрбиеледі, ұл-қыздарына Алла Тағаланың ұлы кітабы Құран кәрімді жаттатып, асыл дінімізді үйретіп кетті.

Алла Тағала ол кісінің орнын жаннаттан етсін!

Related Post

САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫСАЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ

08.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық

Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгiсiПатриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгiсi

Казакстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6 бабы, 2 тармағына және ТжКББ бөлімінің 2021-2022 жылға арналған жоспары негiзiнде, адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының 31.01.2022-ғы №20 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы Түркістан қаласы