Қасиетті үш айдың ішіндегі ражаб (ережеп) айы бүгін басталды. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шаъбан айы егінді сулау, ал рамазан болса, жемісті жинау айы».
Ражаб (ережеп) айы кешірім, шағбан айы шапағат және рамазан айы сауаптардың еселеніп берілетін ай екендігі көрсетілген. Бұл айларды құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның қайтарымын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен сенімді түзеу керек. Ғылымхал ілімдерін үйрену керек, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарын оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.