MEDRESE.KZ Ғибратнама Шынайы сенім

Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін. Бір күні баласы медреседен коркыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазіреті Әбу Бәкір Баррак:

–  Балам, не болды саған, түрің өзгеріп кетіпті ғой?!, — деп сұрады. Баласы:

–  Әкетайым бүгін медреседе Құран Кэрімдегі: «Егер қарсыласа берсеңдер, жас балалардың шашын ағартатын күннен қалай сақтанасыңдар?» (Мүзэммил, 17) аятын окыдық. Мұны ойлаған сайын төбе шашым тік тұрады, — деп жауап кайтарды.

Сол күннен бастап баласы төсек тартып жатып қалады. Сөйтіп арадан көп уакыт өтпей, баласы дүние салады. Хазіреті Әбу Бәкір Баррак баласының кабірін жиі зиярат етіп, қабірді құшақтап тұрып:

Мен сонша уақыттан бері Құран Кәрім оқып келе жатырмын. Бірак о дүниедегі қорқынышты жағдайды балам сияқты ойланып, әсерленген емеспін. Ертең (қияметте) жағдайым қандай болмақ!? Нендей өкініш! — деп қайғырған екен.

Related Post

ТікенТікен

Өткен заманда бір жігіт болған екен. Күндердің күнінде есігінің алдына дән егіпті. Арадан бір шама уақыт өткесін  әлгі дән өніп шықты. Жігіт ұрыққа әлсін — әлсін су құйып тұрады. Бірақ

Тігіншінің тәубесіТігіншінің тәубесі

Бір тігінші Алланың достарының бірінен: — Пайғамбарымыздың «Алла  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып