MEDRESE.KZ Без категории НАМАЗ КҮНӘЛАРЫМЫЗДАН ТАЗАРТАДЫ

НАМАЗ КҮНӘЛАРЫМЫЗДАН ТАЗАРТАДЫ

Намаз – Алла мен құл ара­сын­да­ғы байла­ныс не­гі­зі. На­маз — күл­лі шүкір­ді қам­ты­ған ғи­ба­дат. Намаз — діннің діңгегі, пенде мен Раббысы арасындағы байланыс көпірі. Сондықтан ол – құлшылықтардың ең биігі әрі ең мәртебелісі. Намаз арқылы мүмін өзін жоқтан бар еткен Раббысына миғраж жасайды. Намаз арқылы күнәсі төгіледі. Алла Тағала мұсылмандарға барлық жағдайда — үйінде және сапарда, дені сау және ауырған кездерінде намазға ұқыпты болуды бұйырды. Мы­на кө­рін­ген жә­не кө­рін­бе­ген шек­сіз әлем қаңыра­ған бос са­рай емес. Ке­рі­сін­ше, он­да Алла Та­ға­ла­ға ғи­ба­дат ет­кен сан­сыз пе­ріште­лер бар. Кей­бір пе­ріш­те­лер жа­рал­ға­лы сәж­де­де. Ен­ді бі­рі жа­рал­ға­лы рү­күғ­та. Ен­ді бі­рі түрегеп тұ­рып, Алла Та­ға­ла­ны нұқ­сан­дық пен шірк атаулыдан пәк­теп, ғи­ба­дат ету­де. Сол се­беп­ті, әлем тұтастай Ұлы Жаратушыға ғи­ба­дат­та. Мы­са­лы, алып бәйте­рек­тер кі­ші­лі­гін паш етіп, қол­да­рын жер­ге жай­ған сүм­бі тал­дар са­мал жел­мен тер­бе­ле қоз­ға­лып, Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат жа­сайды. Пла­не­та мен ас­пан де­не­ле­рі бір-бі­рін бейне бір Қағ­ба тә­різ­ді айна­лып, күл­лі әлем Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны пәк­теп, өз тіл­де­рі жә­не іс-әре­кет­те­рі­мен ғи­ба­дат үс­тін­де. Мі­не, осы­ның бә­рі на­маз­да бар.
Намаз, мінәжат – діннің ең басты белгісі, ең басты рәмізі. Ислам дінінде ол пенде мен Рабының арасындағы тұрақты байланыс. Сол арқылы пенде Раббысына үйреніседі, күнә-кемшіліктерінен тазарады, туралықпен өмір сүру салты да нығая түседі және сол намаз арқылы әуейіліктің азғыруы мен нәпсінің қыспағынан сақтанады. Намаз пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер үшін, барлық ізгі пенделер үшін ең басты байлық, дүниедегі ең сүйікті іс еді.

https://www.instagram.com/tv/CiP6dzRD8Hf/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.facebook.com/100041886344358/videos/639373521122957/

https://www.instagram.com/medresekz/

https://www.instagram.com/ustazabdugappar/

https://www.youtube.com/c/ABDUGAPPARSMANOVRESMIKANAL

https://t.me/ustazabdugappar

Related Post

IV-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕ АРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ!IV-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕ АРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастырумен, 28.03.2022 — 29.03.2022 күндер аралығында Ақтөбе медресе колледжінде IV-Республикалық медресе аралық “Фиқһ және Араб тілі” пәндері бойынша олимпияда болып өтті. Аталған жарыс барысында колледжіміздің шәкірттері