С: Дәретте аяқты жумауға болама?
Ж: Иә, аяқты жуудың орнына аяққа киілген мәсінің үстінен сипап мәсіх жасауға болады. Бұл амал Пайғамбарымыздың с.ғ.с сахих хадистерімен бекітілген. Муғира ибн Шуғбәдән р.а риуаят етіледі «Аллаһ Елшісі мәсіге мәсіх етті. Оң қолын — оң мәсінің үстіне, сол қолын — сол мәсінің үстіне қойып, жоғары қарай бір рет мәсіх тартты»
С: Мәсіх жасаудың дұрыс болуының шарты барма?
Ж: Иә, мәсіх жасау үшін мәсіні дәреті барда кию шарт.
С: Мәсіге мәсіх тартып жүрудің уақыты бар ма?
Ж: Мәсі дәретпен киілгенен кейін дәреті бұзылса, тұрғылықты адам (жолаушы емес) бір күн, бір түн, жолаушы үш күн, үш түн бойы аяғын жумай-ақ мәсісінің үстін сипап мәсіх етуіне мүмкіндігі бар.
С: Бір күн, бір түндік немесе үш күн, үш түндік уақыт мәсіні кигеннен кейін бастала ма немесе дәреті бұзылған уақыттан бастала ма?
Ж: Уақыт мәсіні дәретпен кигеннен кейін дәретті бұзылған сәттен басталады. Мысалы, тал түсте дәрет алып мәсісін киген тұрғын адамның дәреті ақшам уақытында бұзылса, ол келесі күнгі ақшам кіргенше мәсісінің үстіне мәсіх тартуына болады. Жолаушы адамның мәсіх тарту уақытымен осымен салыстыруға болады.
С: Жыртық мәсіге мәсіх тарту дұрыс па?
Ж: Мәсінің жыртығы аяқтың кіші саусақтарының үшеуі сиятын шамадан үлкендеу болса, оған мәсіх жасау дұрыс емес. Ал осы шамадан кіш болса, мәсіх жасауға болады.
С: Ғұсыл парыз болған адам аяқты жуудың орнына аяғындағы мәсісіне мәсіх жасау дұрыспа?
Ж: Жоқ, оған барлық денесімен қоса аяқтарын жуу қажет, мәсіх жасауы дұрыс емес.
С: Мәсідегі жыртық өлшемі қандай болуы керек?
Ж: Екі аяқты бір пар мәсінің әрқайсысындағы жыртық үш саусақ қатар сиятындай болса, мәсіх тарту дұрыс болмайды.
С: Мәсіге мәсіх қалай жасалады?
Ж: Бірінші, екі қолды сулап, суланған екі қолдың алақанын мәсінің үстіне қол ұшы мен мәсі мәсі ұшын ұштастырып толығымен қойып, аяқ саусақтарынан бастап сираққа дейін мәсінің бетін үш саусағымен сипап мәсіх жасалады.
С: Мәсіхті қай амалдар бұзады?
Ж: Дәретті бұзатын амал мәсіхті бұзады (мәсіх дәреттің бір бөлігі). Мұнан басқа, мәсіні шешу және місіх уақытының өтуі де мәсіхті бұзады.
С: Дәретті бұзатын амалдарды істемеген адамның аяғындағы мәсіх уақыты бітсе немесе мәсісін шешсе не істейді?
Ж: Бұл екі жағдайда да тек аяқтарын жуып, намазын өтей береді, оған толығымен қайта дәрет алу үшін шарт емес.
С: Тұрғын адам бір күн, бір түн, ал жолаушы үш күн, үш түн бойы мәсісіне мәсіх тартатыны белгілі. Ал сапары үш күн, үш түнге толмай өз еліне оралған жолаушы, бір күн, бір түнге жетпей сапарға аттанған тұрғынның мәсіх тартуына болама?
Ж: Мәсіге мәсіхті жолаушы кезінде жасаған адам тұрғылықты жеріне жеткенде, оның мәсі кигеніне бір күн бір түн толған болса, мәсісін шешеді. Бір күн, бір түн толмаса толғаннан соң шешуге болады. Ал тұрғылықты адам мәсі кигеніне бір күн, бір түн толмастан бұрын сапарға шықса, үш күн, үш түн толғанша мәсіге мәсіх жасауына рұқсат.
С: Мәсі сыртынан киілген шұлыққа мәсіх жасауына бола ма?
Ж: Иә, дәретті бұзатын амалдан бұрын мәсінің үстінен киген болса, оның үстінен мәсіх жасайды.
С: Аяққа киген шұлыққа мәсіх жасаудың үкімі қандай?
Ж: Аяққа киген шұлық үстінен мәсіх жасалмайды. Тек толық теріден немесе асты теріден жасалған шұлыққа мәсіх тартуға болады.
С: Мәсіден басқа затқа мәсіх ету жайында сөз барма?
Ж: Ем үшін жарақат үстінен байланған немесе сынған ағза үстінен таңылған матаға мәсіх тартуға рұқсат етіледі.
С: Таңғыш және жаратаңғыштың үстінен мәсіх тарту үшін оны байлаудан алдын дәрет алу шарт па?
Ж: Оларға мәсіх жасау үшін дәрет алып, соңынан байлау шарт емес, егер ол дәрет жоқ кезде байланса да, кейін оның үстінен мәсіх жасап дәрет ала береді.
С: Жара жазылып жаратаңғыш шешіліп кетсе, мәсіх бұзылама?
Ж: Таңғыш немесе жаратаңғыш үстінен мәсіх жасап дәрет алған болса, мәсіх бұзылады. Дәрет бұзатын іс жасамай, қажеті болмағандықтан жаратаңғышты алып тастаса, жаратаңғыш орнын жуып, намазын өтей береді.
С: Бастағы сәлде, тақия және орамал үстінен мәсіх жасауға болама?
Ж: Бұл заттардың үстінен мәсіх жасау дұрыс емес.