MEDRESE.KZ Жаңалықтар «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі тағайындалды

«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі тағайындалды

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қатысуымен жалпы жиналыс болып өтті. Апта басындағы алқалы жиында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өзінің жаңа бұйрығы бойынша бiрiншi наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі болып тағайындалғанын жеткізді.
Жиналыс барысында жыл басынан бергі жағдайларды сараптай келе Елордамыздың діни өміріне ықпалды өзгерістер енгізіп, жандандыра түсуге Наурызбай қажы Тағанұлындай білікті басшының қажет екенін атап өтті. Жақында ғана жаңадан ашылған Түркістан облысындағы ҚМДБ Кеңсесінің жұмысын да жолға қойып, жаңа құрылымға жан бітірген қызметін де айрықша бағалайтынын атап өтті.
Жиналыс соңында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы  Наурызбай кажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Өмірдерек:

Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов 1977 жылы дүниеге келген.

1993-1997 жылы Ташкенттегі «имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқыған.

1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы екі жылдық Ислам институтында білімін жетілдірген.

2009 жылы ҚМДБ-ның жолдамасымен Мысыр Араб республикасында білімін жетілдірген.

2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін бітірген.

2011-2013 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған.

2017 жылдан бастап «Нұр Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетінің докторанты.

Қызмет жолы:

1997-1999 жылдары: ОҚО, Түлкібас ауданы, «Түлкібас ата» орталық мешітінің ұстазы және «Көкірек ата» мешітінде Бас имам;

2001-2006 жылдары: ШҚО, Аягөз ауданының бас имамы;

2005-2006 жылдары: Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;

2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы;

2011 жылдың cәуір-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы;

2013 жылдың сәуір айының 3-інен қыркүйек айының 20-сы аралығында Астана қалалық «Нұр Астана» мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

2013 жылдың қыркүйек айының 20-сынан бастап ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы болып тағайындалып, бүгінге дейін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы қызметін абыроймен атқарды.

2015 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның наиб мүфтиі болып тағайындалды.

2017 жылдың 8 желтоқсанындағы Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII Құрылтайында ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти қызметіне тағайындалды.

2018 жылдың шілде айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы болып қызметін атқарды.

Мақалалары мен еңбектері:

  • «Ізгіліктің бір ізі – алғыс айту»;
  • «Мәуліт – пайғамбар мейірімін сүйіншілейтін мереке!»;
  • «Тәуелсіздігім үшін мың тәубе!»;
  • «Тұжырымдама табанды еңбекті талап етеді»;
  • «Құрбан айт – бұқараны біріктірген ерекше мейрам»;
  • «Ислам – өркениет діні»;
  • «Рамазан – рухани кемелдік айы»;
  • «Жас түлекке насихат»;
  • «Береке бастауы – бірлікте»;
  • «Қасиетті айлардың қадіріне жетейік!»;
  • «Үміт сәулесі».

Марапаттары:

  • 2005 жыл, Аягөз ауданының құрметті азаматы;
  • 2009 жыл, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасы;
  • 2011 жыл, Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен марапатталған;
  • 2014 жыл, Астана қаласы әкімінің алғыс хаты;
  • 2016 жыл, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл мерей-тойлық медалі;
  • 2016 жыл, «Құрмет» ордені наградасы;
  • 2017 жыл, Астана қаласы әкімінің құрмет грамотасы.

фото ғаламтордан алынды


 

Related Post

Мас көршіМас көрші

Имам Азам хазретінің бір көршісі бар еді. Үйлері тиіп тұратын. Әр күні түнде үйіне ішіп келіп, таңға дейін ән айтып, саз шалып, шулап имам Азам хазреттерінің мазасын қашыратын. Имам Азам

Сарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өттіСарыағаш медресе колледжінде «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік іс-шарасы өтті

2019 жылғы 26-қыркүйек  күні Сарыағаш медресе колледжінің акт залында 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімі өтті. Биыл аталмыш оқу орнына 300 талапкер қабылданған болатын. Студент қатарына қабылдау салтанаты қасиетті құран

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Сарыағаш медресе колледжі барша қазақ елін мерейлі мерекемен құттықтайды!