MEDRESE.KZ Жаңалықтар Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!

Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

Алла тағалаға таусылмайтын мадақ-мақтаулар болсын.

Пайғамбарымызға мейілінше, кәміл салауаттар болсын.

Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі:

«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүминдердің ең иманы кәмілі – мінез-құлықы жақсырағы. Сендердің ең жақсыларың – әйелдеріңе жақсылық жасайтындарың», деді».

Түсіндірме: Бұл хадис шәріпте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінездің кәміл иманға себеп болатынын баяндаумен бірге біз мұсылмандарды жайдары мінезді болуға қызықтырып отыр. Ислам көркем мінезділікке қатты мән береді. Бұл жөніндегі Құран кәрім аяттары мен хадис шәріптер өте көп.

Көркем мінезділік – жылы шырай білдіру, адамдарға зиян бермеу, оларға жақсылық жасау. Көркем мінезді адам екі дүниеде де бақытқа қол жетізеді. Сондықтан да, пағамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иманның кемелдігін мінездің көркемдігіне байланыстырып отыр. «Мүминдердің ең иманы кәмілі — көркем мінездісі», яғни, мүниннің мінезі көркемдене түскен сайын иманы да соншама кемелдене түседі. Көркем мінезділікке осыдан артық қызықтыру мүмкін бе? Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін үйрену барысында жасалған тұжырымдардың бірі, бір маңызды тақырыпқа жалпы тоқталғаннан кейін артынан сол тақырыпқа қатысты ең маңызды нәрсе жеке баяндалады. Осы хадис шәріпте: «Сендердің ең жақсыларың — әйелдеріңе жақсылық жасайтындарың», деп атап өтті. Не үшін? Өмірлік тәжірибе, көпшіліктің өзгелермен, бөтендермен жақсы қарым-қатынаста болып, әйелдерімен жаман мәміледе болып жататын көрсетеді. Мұндайды халқымыз «Түздегі май ішеді, үйдегі зәр ішеді» дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы жағдайды ескеріп, көркем мінез иман кемелдігіне себеп болатынын айтқаннан кейін, бұл жерде тек бөтен адамдармен қарым-қатынаста емес, бәлкім, ең алдымен өз әйеліне жақсы мәміледе болу қажет екендігін атап өтті.

Көркем мінезділікті иман кемелдігіне шарт қылып алған Ислам мен мұсылмандарды қаншама мақтан тұтсаң арзиды.

«Әйелдеріне жақсы қарым-қатынаста болғандар – мұсылмандардың ең жақсылары», деп жеке тоқталуы, Исламда әйелдер құқығы қандай жоғары қойылатынын көрсетеді.

Осы хадистен екі үлкен сабақ аламыз:

Көркем мінезді болу

Әйелге жақсылық жасуды жолға қою

Хадси шәріп хикметіне адамзаттың қаншалықты мұқтаждығын әрбір сәтте, әр қадамда көріп-біліп тұрмыз. Өйткені осы хадисте айтылған дүниелер арқылы әрбір адамның қоғамдық және отбасылық өмірі түзеледі, оңалады. Бұған адамның әр сәтте ісі түседі. Сондықтан көркем мінезді болуға әрекет етейік, мүминдер ішінде ең кәміл имандысы боламыз. Әйелдерімізге жақсылықтар жасауға ұмтылайық, мұсылмандардың ең жақсыларынан боламыз.

«Хадис және хаят» кітабынан

Сарыағаш медресе колледжінің ұстазы Жакипов Жүсіпхан

Related Post

Найб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болдыНайб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болды

Сарыағаш медресе колледжінде, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан Есмахан және ҚМДБ мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт, ОҚО өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы колледжіміздің тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Найб

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫ СМАНОВ ДІНМҰХАММЕД АБДУЖАППАРҰЛЫ МЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАР ҰЖЫМЫНА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІСАРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫ СМАНОВ ДІНМҰХАММЕД АБДУЖАППАРҰЛЫ МЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАР ҰЖЫМЫНА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

Бүгін Сарыағаш медресе колледжінің директры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ұстаздар ұжымына жиналыс өткізді. 2022-2023 оқу жылында атқарылуы тиіс болған бірқатар жоспарлары мен таныстырды. Жиналыс барысында колледж студенттерін ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі діни

Зекет қандай адамға беріледі?Зекет қандай адамға беріледі?

С: Зекет кімдерге беріледі? Ж: Зекет алуға лайық жандар жөнінде Алла тағала қасиетті Құранда: «Шын мәнінде садақалар ( яғни, зекеттер) кедей-кешіктерге, міскіндерге, оны, (зекетті) жинауға тағайындалған адамдарға ,