Бүгін Сарыағаш медресе колледжінің директры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ұстаздар ұжымына жиналыс өткізді. 2022-2023 оқу жылында атқарылуы тиіс болған бірқатар жоспарлары мен таныстырды. Жиналыс барысында колледж студенттерін ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі діни ұстаныммен көзқарасқа, отансүйгіштік пен әдептілікке баулу керектігін, сонымен қатар пайдалы әрі сапалы білім нәрімен сусындатуды, заман талабына сай маман даярлау керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ студенттердің араларын бөліп жармауды, барлық шәкіртке бірдей қарым-қатынаста болу керектігін ескертті. Сөз соңында колледж ұстаздарын жаңа оқу жылымен құтықтап, Алла жолында жасап жатқан істеріне берекеттер тілеп, жаңадан келген ұстаздары колледж ұжымына таныстырды.