MEDRESE.KZ Мақалалар,Мақалалар «КИТАБУ ӘТ-ТАУИЛАТ» ЕҢБЕГІ НЕГІЗІНДЕГІ МУТАШАБИХ АЯТТАРДАҒЫ АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ СИПАТТАРЫН ТАЛДАУ

«КИТАБУ ӘТ-ТАУИЛАТ» ЕҢБЕГІ НЕГІЗІНДЕГІ МУТАШАБИХ АЯТТАРДАҒЫ АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ СИПАТТАРЫН ТАЛДАУ

Аңдатпа. Дін мен дәстүрді қоса ұстану бұл байырғы ата-бабалармыздың ұстанған жолы. Қазіргі кезеңде діни сауатсыздық пен әртүрлі діни топтардың діни мәтіндерді өз түсініктерімен түсіндіру жұмыстары қарапайым халықтың сеніміне  серкеу түсірді. Сол себептен бұл мақалада қазіргі кезеңде  Орта Азия жерінен шыққан сунниттік теологиягның жетекшісі Имам Матуридидің Құран Кәрімді басынан соңына дейін тәпсірлеген муфассир ғалым  ретінде «Китабу әт-Тауилат» еңбегінде Құдайдың сипаты айтылған аяттар бұрыс түсініктің алдын алуға көмектеседі, еңбегінде қозғалған мәселелер қазіргі таңдағы проблемаларға қатты ұқсас. Алла тағаланың сипаттарын негізінде Ақида ілімі қарастырса, бұл тәпсір еңбекте екі ілімнің бір-бірімен тығыз байланысын барын көрстетеді.

Кілт сөздер: ақида, ислам, сенім, буквализм, тәпсір, сипат.

Қазіргі таңдағы діни мәселелер арасында ушығып тұрған бірден- бір тақырып Алла тағаланың сипаттары турасында дәстүрден тыс діни ағымдардың дұрыс насихат жүргізбеу салдарынан адамдар арасында ортақ түсінік пен көзқарастар болмауы діннің негізі болған ақида мәселелерінде әлі күнге дейін өзекті. Буквалистік, литералистік ұстанымдар мен алуан көзқарастар нәтижесі елдің әсіресе мұсылмандар үшін бөлінушілік пен іріткінің негізі болып отыр. Алла тағаланың сипаттарын білу мен түсінудің парқы өте маңызды. Сеніммен тікелей байланысын қарапайым бұқара халыққа түсіндіру, адасушылықтың алдын алу қазіргі біздің міндетіміз деп білеміз. Неліктен Алла тағаланың сипаттарын білу маңызды? Алла тағалаға адамның денесінің бөліктері секілді телуге болама? Алла аспанда ма? Аршынының үстінде ме? Аяттарда келген көруші, естуші сипаттарына қарай Алланың құлағы бар, көзі бар деп айта аламызба?

Жоғарыдағыдай бірқатар сұрақтардың жауабын орта Азия жерінен шыққан Матуриди сенім мектебін қалыптастырушы Имам Әбу Мансур әл- Матуридидің «Китабу әт-Тауилат» тәпсір еңбегінің рөлі орасан зор. Тәпсірдің бұл түрі «тафсиру би-әд-дирая» деп аталады. Бұл тәпсір риуаяттарға ғана емес, сонымен қатар тілдік тұрғысынан сыртқы мағынасы, ауыспалы мағынасы, ұқсату, ынталандыру, ескерту әдістері сияқты ерекшеліктеріне мән беру болып табылады. Тарихи мәліметтер, аяттың түсу себебі, басқа ислам ғылым саласына жүгіну т.б. қырлары назарға алынады.

Бұл аталмыш еңбек  кейбір мәселелердің шешімін берері анық. Өйткені Имам Матуридидің «Китабу әт-Таухид» кәләм ілімі бойынша жазылған еңбегінде көптеген өз кезеңінде өмір сүрген дәстүрден тыс діни ағымдарға қарсы жауап беру ретінде (радд) еңбектерінің авторы саналады. Бұл ағымдардың кейбір ұстанымдарының тұстары қазіргі кезеңде де орын алып, шиеленіскен мәселелердің негізін көрсетеді. Тәпсір еңбегінде мәселенің жан жақты қамтылған жауаптарынан жоғарыда айтылған зерттеу сауалдарымызға жауап таба алатынымыз айқын. Сондықтан өз мекенемізден шыққан ғалымдардың еңбектерін қайта жаңғырту, буквалистік ұстанымдарды, бұрыс көзқарастарды насихаттап жүрген кейбір топтардың сөздерін терістеуде таптырмас еңбек саналады. Әйтпегенде, мұның соны әртүрлі діни радикал топтардың үгіт насихаттары сан ғасырлар бойы қалыптасқан мұсылман ұлттар мен ұлыстардың дәстүрі, діни танымы, мәдениеті сөніп, исламды ұстануда бірбеткейлікке, бұрыс ұстануға алып баратынын әбден мүмкін.

Зерттеу барысында герменевтикалық, синхронды талдау әдістері пайдаланылатын болады. Имам Матуридидің «Тауилату әл-Қуран» еңбегінің ең соңғы, ауқымды  түрде зерттеу болған Бекир Топалоғлу басшылығымен басталған «Тауилату әл-Қурән ли Әби Мансур Мухаммед ибн Мухаммед әл-Матуриди әс-Самарқанди» деген атаумен 17 томдық еңбек болып, 2005-2010 жылдар арасында Стамбулда жарыққа шықты. Имам Матуридидің еңбегі аяттарды семантикалық түрде талдаулар жасаған өте ғылыми, ауқымды еңбек. Оның әдісі Құран, хадис, сахаба, табиғи ғалымдардың, басқа да тәпсірші ғұламалардың пікірлерін келтіре отыра, лингвистикалық талдаулар, онымен қоса ақылға салу арқылы жазылған егжей-тегжейлі зерттеген әдіс еді.

Бұл мақалада тек Алла тағаланың сипаттарына байланысты мағынасы ашық айтылмаған кейбір муташабих аяттардың тәпсірін осы еңбекке сүйене отырып, аталған аяттың қамтыған мәселелері мен мағынасын түсіндіретін болады.

Алла тағаланың жалпы және жеке сипаттары

Исламда діннің негізі саналатын ақида ілімі өте үлкен ғылым саласына жатады. Оның негізі ретінде бірнеше ақида мәтіндер жазылды. Өйткені Алла тану- сипаттары мен есімдерін танудан басталады. «Иләһият» бөлімі Алланың сиапттарына не уәжіб, не мустахил (мүмкін емес) не нәрсе жәиз (мүмкін) екендігін түсіндіретін кәләм ілімнің бөлімі.

Алла тағаланың сипаттарына жету мүмкін емес, десекте Алланың ұлылығына сай келетін кемелдік сипаттардың барлығы тән деп жалпы кемелділіктің ішінде  міндетті деп сенеміз, өйткені бұл турасында Құранда Хашыр сүресі 22,23-аяттарында айтылған: «Ол сондай Алла, одан басқа ешбір тәңір жоқ. Көместі де көрнеуді де біледі.Сондай-ақ ол тым есіркеуші, ерекше мейірімді.Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ.Ол патша, өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем,өте зор.Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк». Кәләм ілімінде Алланың сипаттарын зати және субути болып екіге бөліп, жекелей қарастырады: [1] Зати сипаттары; Әл-Ужуд, әл-Қидәм,әл-Бақә, әл-Уахдания, әл-мухалифату лил-хауадис, Қиям би-нәфсиһи. Яғни Зати сипат деп Алла тағалынң тек өзіне тән сипаттары. Субути сипататры: әл-Хай, әл-Қудра, әл-Ғилм, әс-Самғ, әл-Басар, әл-Кәләм, әл-Ирада, әт-Такуин [2]

Алла тағаланың сипаттары турасында келген муташабих аяттардың мағыналары бір жақтылықты қамтумен шектелмей, көп мағыналарды жан-жақты беруімен кейбір адамдардың түсінбеуі мүмкін. Бұл кезеңде біздер ғалымдардың пікірлері мен еңбектеріне сүйене отырып түсінетін боламыз.

Матуриди Кәләм мектебін орнықтырушы Имам Әбу Мансұр әл-Матуридидің Құрандағы аяттардың мағыналарын тек қана риуаят біліміне ғана сүйенбей, ақылды, сонымен қатар лингвистикалық талдауларымен ерекшеленеді. Орта Азия ғалымдары арасынан Имам Матуридиің еңбегін қазіргі таңда жарыққа шығарудың бірден-бір маңызы, ол географиялық аймаққа қатысы да бар. Самарқан мектебі өкілдерінің де алатын орны ерекше [3]. Имам Матуридиің Орта Азия жерінің өкілі болғаны, осы аймақта өмір сүрген халықтың түсінігіне сай келетіні белгілі. Сондықтан түркі халықтары арасында Имам Матуридиің еңбегін жарыққа қайтатын шығару қазіргі таңдағы діни мәселелердің шешімін көрсететіндіктен маңыздылығы жоғары болып отыр.

«Тәуилату әл-Қурән» еңбегіндегі муташабих аяттар

1.Тоһә сүресі 5-аятта: Алла аршыға истауа етті [4]делінген: Имам Матуридидің тәпсірінде былай айтады: Арш деген сөздің бірінші мағынасы-Алла затымен тұрады, аршы оны қамтиды, немесе ол Алламен бірдей теңеседі, немесе аршыдан Алла үлкен болып оны қамтиды.Егер бірінші нұсқа болса, Алланы аршы қамтиды десек, онда ол жаратылыстар сияқты уақытқа тәуелді дейміз. Алла тағала жаратылған нәрселер сияқты соңы бар деген сөз шығады, жаратылыстан кіші болып қалады.Екінші ретте, Алланы аршымен бірдей теңестірсек, ол да тура бірінші нұсқадағыдай Алла жаратылыстан кіші болып қалады. Үшінші ретте, мұқтаждықты, толық емес шала іс –әрекетті көрсететін мәкрух іс, одан артық нәрсе жасай алмау деген ұғым шығады. Және мұнымен қоса, патшалар тақтары секілді Алла тағала аршыды отыр деу-қате. Бөлініп, бөлшектену -бұлардың барлығы адамның сипаттары. Алла тағала бұл сипаттардан пәк.

Сонымен бірге, отырған орныннан көтерілу, тұру  ешқандай атақ,  данқ, ұлылық  деген сипаттармен сипатталмайды. Мысалы таулар, бұлттар сияқты олар жоғарыда орналасқан болса ұлықтау керек деген сөз емес. Бұл аяттың тәуилі бәлкім Алланы ұлықтауды білдіреді. Құранда «Оған көктегі мен жердегі және олардың арасындағылардың барлығы Аллаға тән» делінген. Аршты ұлық ету сипатымен сонымен қатар арштың мәртебесін көтеруді мақсат еткен. Арш-нұрдан, жауһардан тұратын, адам ілімінің жетпейтіндігін көрсетеді.

            Истиуаның аршыға қолдануының екі түрлі қыры бар: Біріншісі, Аршыны ұлықтау мағынасында, өзінің құдыреттілігін айтып болған соң аршы туралы соңында айтылады «Шүбәсіз сендердің Раббыларың Алла, Ол күллі аспан әлемі мен жерді алты күнде жаратты, Содан соң аршқа истауа етті» [1]. Екіншісі жаратылған нәрселердің ең ұлығы екенін білдіру үшін айтылған. Өйткені «бір патшаның қолына мына жердің билігі өтті» дейтін болсақ, бір ғана жер емес, толықтай сол мекеннің бәрін қамтуды айтамыз.

Кейбірі былай дейді: Аршы мағынасы мүлікті білдіруі мүмкін, аршы-бір нәрсенің үстін білдіретін атау. Тіпті үйдің төбелері мен ағаштың бастарына да аршы деп айтылады.

Истиуа сөзіне келсек үш түрлі мағнада қарауға болады. Біріншісі, «билігіне алу» мағынасында, «пәленше бірр елді билігіне алыпты» деген сияқты, екіншісі- «жоғары көтерілу» мағынасында, «сен қашан жолдастарыңмен кемеге шықсаң…»[2] деген аяттан көреміз, үшіншісі, «толығу, кемелдену» мағынасында «Мұса (а.с.) ер жетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет ғылым бердік…»[3] деген аятта осы мағынада қолданылған. Кейбіреулер мұны «қалау» мағнасында деген, ал әдебиет өкілдері болса «жарату» мағынасында екенін алға тартады.

Аршы мен истиуаға былай пікір білдірсек, Аршы-мүлік, истиуаның «истила» мағынасын аламыз «билік ету» Алла аршыға билік етті деген мағына туындайды, Құранда да мынадай аят бар: «Ол-ұлы арштың Раббысы»[4]           .

Имам Матуриди былай дейді: «Біздің пікірімізше ең аслы мынау «Ол еш нәрсеге ұқсамайды» сөзі жаратылған нәрселерден өзін ажыратады. Құранда Алла тағала өзін еш нәрсеге ұқсамайтын кемел екенін баяндайтынын ескеріп, «Рахман аршыға истауа етті» сөзінің мағынасында да Алла тағала жалғыз, ұлық деп түсіну керек. Және келтірген пікірлерді кесіп оның мағынасы осы деп айта алмаймыз. Алла-жетістікке жеткізуші» [4,177-181].

2.Фатх сүресі 10-аятта: «Мұхаммед (ғ.с.) саған байғат қылғандар, әрине Аллаға қол берген болады. Алланың қолы құлдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, өз зиянына қалады, ал кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді»[4].

Алла тағала:  «Саған байғат еткендер (қол бергендер) Аллаға байғат еткен саналады» деді, Тауил иелері байғат етуді Худайбия келісіміндегі байғат етуді меңзегенін айтады. Олар пайғамбарға дұшпандарды көргенде олардан қашпауға байланысты сөз бергендер. 

Мағқил ибн Иәсир сол күні біздер мың төрт жүз адам болғанын сондай-ақ өздерінің өлімге емес, жаудан қашпауға серт еткендерін айтады.

Байғат ету- уәде беру, келісім деген мағыналарды білдіреді. Өйткені «Кім Аллаға берген уәдесін орындаса» деп жалғасады.Анығын Алла білуші.

 «Алланың қолы олардың қолдарынан үстем» сөзінің мағынасы біріншіден, уәде еткенде Алла олардан да үстем, жоғары екенін білдіруі мүмкін, екіншіден бұлай деп айтуға болады: «Алланың берері пайғамбарға деген соңғы сыйы, марапаты яғни уәдесі сендерден де күштірек екенін көрсетеді».Анығын Алла білуші.

Және сондай-ақ «Алланың қолы олардың қолдарынан үстем» сөзінің мағынасы – Сендерге Алла тауфиқ етуі, пайғамбарға көмектесуі, уәде етуі сендердің оған уәде еткендерінен де жоғары, хайырлы деген мағынаны беруі мүмкін. Анығын Алла білуші.

Және сонымен қатар «Алла тағала пайғамбарға жәрдем етуде сендердің жәрдем етулеріңнен де жоғары деген мағынаны беруі мүмкін».Алла тағала Құранда: «Наср- өте үстем Алланың қасынан ғана болады»[5],-делінген. Яғни Алла ғана көмектің ақиқат иесі. Анығын Алла білуші.

3.Шура сүресі- 11 аятта:  «Еш нәрсе ол сияқты емес»[4] делінген кейбір Алланы ұқсатушы өкілдер Алла тағаланың ұқсасы бар деген пікірде لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ өйткені араб тілінің риторикасында «كاف» ташбих жасау (ұқсату, теңеу) мағынасында қолданады. Сондықтан Алла тағаланың еш ұқсасы болмаса, онда бұлай айтпас еді деген. Біздің пікірімізше «Еш нәрсе ол сияқты емес» деген сөз «Оған ұқсайтын нәрсе жоқ» деген мағынаны береді, «كاف» болса сөйлемде күшейту, кеңейту мағынасында, кейбіреулер «Ол сияқты нәрсе жоқ», деп айтады, арабтар  нәпсінің позициясында қарастырған, жаратылған нәрселердің барлығы әсілінде санмен есептеледі, сандық тұрғыдан әр нәрсенің пішіні, образы бар. Осы мәселеде жаратылған мақұлықаттардың белгілі пішіндері, образдары, ұқсастары болса бірақ олар барлық түрімен, тараптарымен ұқсас дегенді білдірмейді. Бәлкім, кей сипаттарымен, бағыттарымен, жан-жаратылысымен ұқсағандықтан, бір-біріне ұқсастыруға, үлгісін көрсетуге айналған.Алла тағала өзін бұл жерде жаратылысқа еш ұқсамайтынын, жаратылғандардың арасынан еш нәрсе бірнеше түрден біреуіде, олардан еш нәрседе тіпті сипаттарынан да, нәпсі тұрғысынан да ұқсамайтынын ұғындырады. Ол жаратылыстың сипаттарынан да, барлық тарапынан да жоғары. Тағы да бір ықтималы «Еш нәрсе ол сияқты емес» аятынан Алла тағала өзін «нәрсе» деп айтуында оған ұқсас жан,нәпсінің жоқ екенін білдірту үшін, бірақ жалпы барлығы білетін нәрсені емес бұл жерде ұқсатпау үшін айтылған. Ол-бір нәрсе деп айта алмасақ, Ол-ешнәрсе емес дей алуымыз мүмкін.

Біздер осы айтылғандардан былай ой қорыта аламыз. Алла тағаланың-ұқсасы болуы мүмкін емес. Егер мүмкін болса, барлық кемелдік сипаттар оған тән сөзі мен оның сипаттарының да хадис яғни кейін пайда болған ұғымы шығып қалады. Алла тағаланың құдіреттілігі бірлігі жоққа шығатын еді, өйткені әлсіздік танытылған жерде одан күшті күш бар деместен, оның қарсыласы бар деген ұғым пайда болады. Ал, бұлардың барлығы Алла тағалаға ада-күде жат. Алладан басқасының барлығы –жаратылған. Өйткені жаратылған мақұлыққа туу, өлу сипаты бар демек уақытқа тәуелді, ұту мен жеңілу бар,  оң және сол тараптартар бар мұның барлығы әлем үшін. Адамның ақыл санасы сандық ұғымдармен түсінуге ыңғайлы, сондықтан мақұлықаттарға шектеулілік тән. «Айт ол Алла –жалғыз» аятында осы сөзімізді қуаттайды. Яғни Ол-ешнәрсеге ұқсамайды, ешнәрсе оған ұқсамайды.

4. Мәида сүресі: 64-аятта: «Яһудилер Алланың қолы байланған деді. Бұл сөздері себепті олардың қолы байланып лағынеттелді. Керісінше, Алланың құдірет қолдары ашық, қалағанынша береді…»[4] делінген. Яһудилер бұл сөзбен бізді  азаптамайды, азаптан құтқарылғанбыз деген сөзін білдіруі мүмкін.Өйткені олардың «Біз Алланың балаларымыз, және оның сүйіктілеріміз»[6] деген сөзі бар. Ибн Аббас (р.а.) олар бұл сөзбен Алла тағаланың қолдарын сараңдықпен сипаттап тұр деген.

Ал, «олардың қолдары байланды» сөзіне келсек, олардың қолдарынан малын таратуда (инфақ) қысқарып, сараңдық пен жеткіліксіздікпен сипатталған.

Және «Алланың қолдары ашық» сөзінде грамматика тұрғысынан «بل يده مبسوطتان» сөзі екілік формасында келген, мұндағы қолдың хақиқи мағынасы емес, бәлкім Алланың құдіреті кімді қаласа азаптайтынын және кімді қаласа марапаттайтынын көрсетеді. Ибн Масғудтың (Алла оған разы болсын) пікірінше «Алланың қолдары кең» деген, Әл-Фарраның айтуынша «жарқын және әрқашан қол беретінін» айтады. Мұнымен «Алла тағаланың қолы деген» сөзге жаратылғандарға тән қол деп түсінбейміз,егер ондай мағына түсінетін болсақ Алла тағала Құранда: «Оның алдынан да артынан да артық сөз араласпайды (Құран) Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген»[7] дейді. Құранда Алла тағалаға қол сөзі қолдануы, адамдарға телінген қолды меңзеп тұрған жоқ. Сол себептен Алла тағалаға мақұлыққаттарға тән қол мағнасын түсінуге болмайды. Алла тағала Құранда: «Бұл екі қолдарыңмен істегендеріңнің сазайы»[8], «Қол екі  істегендеріңнің салдары»[9], «Бұл қолекі істегендеріңнің сазайы»[10] деп бірнеше жерде қол сөзімен айтады, тек қолдың өзі ғана емес мұнда, қолымен болатын іс-әрекеттерді беретін, алатын, кәсіп ететін мағынасында айтылған. Және Хужурат сүресінің 1-аятында: «  لا تقدموا بين يدي الله و رسوله» Алладан және оның елшісінен ілгері кетпеңдер деген сөзде қол сөзінің хақиқи мағынасын айтып тұрған жоқ, жоғарыда айтып өткен мағыналарды келтіреміз.

5.Тәубе сүресі 67-аятта: «…Олар Алланы ұмытты.Сондықтан Алла оларды ұмытты.Расында мұнафықтар олар бұзықтар…»[4] делінген мұнда «Олар Алланы ұмытты» деген сөзде Алла тағаланы мұнафықтар ұмытатын нәрсеге айналдырып, еске еш алмай қойғандарын білдіреді. «Алла оларды ұмытты» деген сөзде Алла тағала ақыретте оларға рахым етуден мақрұм ететінін білдіреді. Және сондай-ақ «Олар Алланы ұмытты» сөзі Алла тағала оларға нығметті беріп, бірақ есесіне оған шүкірлік етпегендер деген мағынада, екінші мағынада «ұмыту» сөзінің ауыспалы мағынасы күнә, Аллаға ұнамсыз іс-әрекеттері үшін Алла тағала оларды жазалауы, үшінші мағынада Алла тағала көмексіз, жәрдемсіз қалдыруы деген мағыналарды қамтиды. Яғни бұл жерде литерализмге салып, Алла тағалаға кемшілік сипаттар танып, ұмыту сөзін «Алланың жады» деген тура мағынасы айтылып тұрған жоқ. Алла тағала Құранда «ұмыту» сөзін Мәриям сүресінің 64-аятында: «(Жәбірейл (ғ.с.): Раббымның әмірімен ғана түсеміз.Алды артымды және екі арадағы жағдайларды білу оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды» делінген.

6. Хадид сүресі 4-аятта былай делінген «…Ол (Алла) қайда болсаңдар да, сендермен бірге.Алла не істегендеріңді толық көруші» [4]. «Ол қайда болсаңдарда сендермен бірге» тіркесі екі түрлі мағынаны береді. Біріншісі, Ол сендердің толық жағдайларыңды біледі, іс-әрекеттеріңнен хабардар,сендердің қорғаушыларың мағынасында айтылады. Екіншісі, мұнда екі жағдайды қарастырады, әуелгісі, Алла тағалаға бойұсынып, сүйікті құлы болуға ұмтылсаңдар, Алла сендердің көмекшілерің, дұғаларыңның ұдайы қабыл етушісі, жауап берушісі болады. Ал, егер Аллаға қарсы шығып, оның бұйырған іс-әрекетерін орындамасаңдар, жаратқан иелерің сендерге билік етіп, іс-әркеттерің үшін азаптаушысы мағынасында айтылады. Анығын Алла білуші.

 Бұл аяттардың тура мен ауыспалы мағынасын ажырату ләзім. Алла тағала барлық кемшілік атаулыдан пәк, ұлық екенін, сондай-ақ жаратылғандарға тән ұғымдарды телуден аулақ болуымыз үшін Имам Матуридидің еңбегі бағалы еңбек екенін байқадық.

Қорыта айтсақ, Ислам діні ілімдерінің ең беделді ілімдері ақида және тәпсір ілімдерінің тікелей байланысын көрсетеді. Құранда келген аяттардың кейбір мағынасы жағынан ауыспалы мағыналарды да беретінін ескерсек, Ақида ілімі дәл осы жағдай тұрғысын бізге түсіндіреді. Сенімге серкеу түссе, дінді ұстанушылар мен діншіл қоғам арасында қақтығыстар болмасына кім кепіл, және сонымен қатар елдегі кейбір дәстүрден тыс діни ағымдардың дұрыс емес насихатының себебінен дінді теріс ұстанушыларда көбейіп келе жатқаны баршамызға аян. Осының алдын алудың бір жолы, өз елімізден шыққан ғалымдардың еңбектерін жарыққа шығару. Құранда кейбір аяттардың мағынасы анық, ашық айтылмай көмескі мағынада келген аяттарды- муташабих аяттар деп атаймыз. Муташабих аяттардың тәпсіріне келсек, оларға байланысты көптеген еңбектер жарыққа шықты. Ал, Имам Матуридидің тәпсір еңбегі тәпсір бөлімінің «әд-дираят» тәпсіріне жататын ауқымды еңбектердің бірі. Одан бөлек дираят тәпсірі бойынша жазылған Имам Табаридің  «Жамиғу әл-баян» еңбегі, Фахруддин әр-Разидің «Мафатиху әл-ғойб» еңбегі жатады. Имам Матуридиің көзқарасы бойынша тәпсір- сахабаларға, тәуил-ғалымдарға тиесілі екенін айтады. Бұл мақалада Имам Матуридидің «Китабу әт Тауилат» еңбегі ең соңғы, ауқымды  түрде зерттеу болған Бекир Топалоғлу басшылығымен басталған «Тауилату әл-Қурән ли Әби Мансур Мухаммед ибн Мухаммед әл-Матуриди әс-Самарқанди» деген Стамбулда жарыққа шықты. Бұл мақалада аталмыш еңбектің осы нұсқасы бойынша жазылады. Және Алла тағаланың сипаттарына байланысты мағынасы ашық айтылмаған кейбір муташабих аяттардың тәпсірін осы еңбекке сүйене отырып, аталған аяттың қамтыған мәселелері мен мағынасын түсіндіретін болады.

Қазіргі қоғамның біртұтас болуы ислам діні үшін өте маңызды жағдай, дінаралық жіне дінішілік қақтығыстардың елдің хал-ахуалына біршама айтарлықтай кері әсерін тигізіп, және елдің басқа да салаларына зарар беруі мүмкін. Мұндай елдің сеніміне серкеу келіп, болашақ ұрпақ үшін құндылықтарымызды сақтай алмай, елдің келешек буын өкілдері рухани дамуы кенжелеп қалса, мұны қалыпқа келтіру тым қиынға соқпақ. Сондықтан өзімізге және өз сенімімізге нық тұру- бұл біздің міндет. Дәстүрімізден тыс діни ағымдар мен топтардың жастардың көңіліне исламға сай емес, дұрыс емес көзқарастар қалыптастыруы дінге деген фобия мен одан қашық жүріп, бойын аулақ салуы ғажап емес. Келімсек топтардың буквализмге салынып,сан-жылдар бойы жиналған әдет-ғұрпымызға нұқсан келтірді. Мұның алдын-алу үшін  ең бірінші  діни сауаттылық пен белгілі бір мөлшерде діни ілімге мұқтажбыз. Осы себептен өз жеріміз бен аймағымыздан шыққан ғұламалардың еңбектері көптеп  оқытылуы керек. Мақаладағы және одан да басқа Құрандағы аяттар мен мағынасы терең хадистерді оқыған кезде адам түсінбеуі қалыпты, бірақ оны түсіндіру сабақтары мен  оған байланысты жазылған еңбектер көбірек шықса игі. Сонда ғана дінімізді жау, қинаушы түрінде емес, бізге ең керек рухани құндылық екенін түсінеміз.

                                                Әдебеиттер тізімі

1. Әділбаев А., Илимбаев Р., Әлиұлы Б., Имам Ағзам тағылымы-Алматы, «Нұр -Мүбәрак» баспасы 2016.-216 бет.

2. Р.Батталұлы Ақида сабақтары..-Алматы: Ықылас баспасы, 2014.-192 бет

3. Әкімханов А.Б., Әбу Мансур әл-Матуриди және оның «иман» мәселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдары: монографиясы, — Алматы: «Нұр-Мүбәрак» баспасы, 2019.-296 бет.

4. el-Maturidi Ebu Mansur Muhammed ibn Muhammed.Tevilatü-l-Kuran/tahkik B. Muhammed.-İstanbul:Mizan yaynevi, 2005.

5. Топалоғлу Б., Аручи М. Муқаддимат тахқиқ Китәб ат- Таухид// Китаб ат-Таухид. Анкара: Дианет Вакфы ИСАМ,2005.

Колледж арнайы пән оқытушысы: Бейсенбаева Жансая Женісбекқызы


[1] Ағраф сүресі :54

[2] Муминун сүресі: 28

[3]Қасас сүресі: 14

[4] Тәубе сүресі: 129

[5] Али Имран сүресі: 126

[6] Маида сүресі: 18 аят

[7] Фуссилат сүресі: 42

[8] Хаж сүресі: 10

[9] Шура сүресі: 30

[10] Али Имран сүресі: 182

Related Post

Жеті қырағат түсінігімен мәні.Жеті қырағат түсінігімен мәні.

             Харф сөзі араб тілінде “әріп кез келген нәрсенің шегі белгілі бір тарап,судың арнасы тіл(диалект)” секілді бірнеше мағыналарда қолданылады. Осы тақырыпты талқылау барысында араб тіліндегі “ харф”  сөзінің орнына,қазақ тіліндегі

МӘЗҺАБТАРҒА БӨЛІНУДІҢ СЕБЕПТЕРІМӘЗҺАБТАРҒА БӨЛІНУДІҢ СЕБЕПТЕРІ

Мәзһаб дегеніміз не. «Мәзһаб» сөзі араб тіліндегі «зәһәбә» (бару) етістігінен шыққан, «жүрілген жол», «баратын жер» деген мағынаны білдірелі. Ал терминдік мағынасы – «Ислам дінінің сенім (ақида) мен фиқһ саласында бір

Ақпараттық қоғамның құрбандарыАқпараттық қоғамның құрбандары

Қазіргі қоғам ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманы. Күн өткен сайын технологияның шығуымен қатар, әлеуметтік желілер де өз негізінде дамып келеді. Әрине, заман талабына сай даму жағы жетістігіміз деп айта алсақ,