MEDRESE.KZ Жаңалықтар Келелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

Өзінің жүріп өткен өнегелі өміріменен шәкірттер арасында бөлісіп жарасымды сұхбат өткізді. Білім алудың қаншалықты маңызды екенін, және де сол жолда бірнеше қиыншылықтарға төзім еткенде ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін болатындығын айтып өтті. Биылғы бітіруші түлектерге қаншама аудан, ауылдарда білікті кадрлардың тапшы екендігіне байланысты алған білімдеріне сай қызмет атқаруларын ұсынды. Ал, оқуды жалғастырып үлкен белестерді бағындырмақшы болған ілім ізденушілерге жол сілтеп жәрдем беруге дайын екендігін тілге тиек етті. Сөз соңын «Кімде-кім Алла разылығы үшін білім алып қызмет қылатын болса, екі дүниеде жүзі жарық құлдардан болады» — деп аяқтады.

Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі 

www.medrese.kz

 

IMG_5134IMG_5126

Related Post

Бір көзді анаБір көзді ана

Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді,

Әр бір істе бір қайыр барӘр бір істе бір қайыр бар

Ертеде Африкадағы бір аймаққа билік жүргізген бір патша болыпты. Патша кішкене кезінен бірге өскен құрбы досын ешқашан қасынап тастамай алып жүретін. Сол досының ешкімге ұқсамайтын бір мінезі бар еді. Өзінің

Литваның бұрынғы президенті мұсылман отбасыларынан ғибрат алуға шақырдыЛитваның бұрынғы президенті мұсылман отбасыларынан ғибрат алуға шақырды

Литва респупбликасына 8жыл (1999-2007) ішінде басшылық жасаған бұрынғы президент Вайра Вике- Фрецберга ханшайым заманауи еуропаша отбасы моделінің орнына отбасы және перзент мәселесінде Ислам отбасы ұстын екендігін ойлап көруге шақырды деп