«Сарыағаш медресесінің» бітіруші түлектерімен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбеков кездесті. Өкіл имам бізге дейін «Абу Ханифа» медресесінің , сонымен қатар «Нұр-Мубарак» ислам университетінің түлектерімен кездесіп қайтқандығын сөзге тиек етті.
Кездесудегі мақсат муфти хазрет Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен бітіруші түлектерді жұмысқа шақыру болып табылады. Бізге тиімділігі болашақ кадрлардың өз облысымыздан шыққаны дейді өкіл имам.
Кездесу барысында түлектермен жеке — жеке сұхбат жүргізіп оқуды бітіргесін білімін жалғастыруымен имамдық ету жайлы сөз қозғалды.