MEDRESE.KZ Жаңалықтар Сарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өтті

Сарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өтті

Күні кеше Сарыағаш медресе колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қатысуымен оқу жылының басталуына орай жиналыс өтті.

🔰Мұғалімдер кеңесінде өткен оқу жылындағы кемшіліктер ескеріле отырып 2023-2024 оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер таныстырылды.

🔰Қатысқан мұғалімдер тың өзгерістер бойынша   өз ойларын ортаға салып, тиімді, тиімсіз жақтары туралы тоқталды.

🔰Сондай-ақ шәкірттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша назарға алынды.

🔰Колледж директоры оқудың жаңа кезеңімен құттықтап:

-Шәкірт тәрбиесінде оның сапалы білім алуында сіздердің алар орындарыңыз ерекше. Ертеңгі келешігіміздің жарқын болуы сіз бен біздің адал еңбегімізге байланысты. Олай болса жаңа оқу жылының табыстары мен жетістіктері мол болсын,-деп педогогтер кеңесін қорытындылады.

Related Post