MEDRESE.KZ Без категории,Ғибратнама,Жаңалықтар,Медресе Білгенге мешіт деген Құдай үйі

Білгенге мешіт деген Құдай үйі

«Білгенге мешіт деген Құдай үйі» деп бабаларымыз базына қалдырғанындай 2019 жылы қарашаның 29 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының, Ынтымақ ауылында «Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығы» ашылды. Көркі көз тартқан, ашылмай тұрып-ақ атағы алты алашқа аты әйгі болған таңғажайып ғимараттың ашылуына орай алыс-жақын елдердің дін ғұламалары, Түркия мемлекетінің ханзадасы арнайы келді. Және еліміздегі ірі дін ғалымдары, алты алашқа танымал ақын-жазушылар мен композиторлар, ел ағалары да келіп қатысып, өз ықыластарын білдіріп қайтты. Қасиетті жұманың қарсаңында жасалған осы дүбірлі жиында түрлі іс-шаралар өткізіліп, жұма оқылғаннан кейін ел іші-сыртындағы игі жақсыларға, 10 000 ға тарта жиналған қарапайым халыққа арнайы дайындалған орындар мен ақбоз үйлерде ас берілді. Тек Қазақстан емес, басқа елдерді де бей-жәй қалдырмаған бұл ғимараттың жалпы аумағы 14 мың кв метр болып, онда бір мезетте 10000 адам қатар тұрып намаз оқи алады.

Ғимараттың айнала орналастырылған шағын көл сәулетті ғимараттың сәнін одан сайын асыра түседі. Осы құрылыстың дәл қарсы бетіне тағы да бір тамаша ғимарат орналасқан. Бұл Қазақстанға және көрші елдерге танымал белгілі ғалымдар Смановтар әулеті басқарып отырған «Сарыағаш медресе колледжі». 500 адамдық сабақ оқитын бөлме мен асханадан тұратын, бас-аяғы 1473,4 шаршы метрді құрайтын бұл ғимаратта «әуелі үйренетін бір ғылымың, өзіңнің мұсылманша дін ғылымың» деп Міржақып Дулатұлы жырлағанындай мұсылманшылық ілімі кешенді түрде оқытылумен қатар, заман талабы, қоғам ағымына сай осы заманғы білмдер де беріледі. Әрине бұл қазақ елінің мақтанышы боларлық киелі орда деп есептесек қателеспейміз. Бұл орыннан талай-талай тау тұлғалы азаматтар, ел игілігі үшін еңбек ететін көптеген ерлер шығатынына сеніміміз мол!

Related Post

ҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАНҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАН

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА Ережеп – ең ұлық ай. Өйткені, бұл – Алланың айы. Оған дәлел Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде былай келеді: «Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – менің айым,

Алғыс-айту-күні

Медресе шәкірттерінің шын жүректен шыққан жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.Медресе шәкірттерінің шын жүректен шыққан жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Құрметті мұсылман бауырлар! Сіздерді бүгінгі алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілейміз.