MEDRESE.KZ Жаңалықтар Аллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйы

Аллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйы

Умра жасау үшін келген Сауйдиялық 70 жасар әйел ғажайып оқиғаны басынан өткізді. Қарт ана Сафа мен Маруа арасында жүруді бастап, екінші рет барып келгенше әлсізденіп,зорығып қалады.Әлсізденгенін сезген ана, қарттарды алып жүретін аранайы мекемеге айтады. Зор денелі мықты жігіт қарт анаға жәрдем береді. Жүру біткесін ғибадаттан көңілі толған ана жігітке 100 реал еңбек ақысын ұсынады. Ал жігіт ақшаны алудан бас тартады. «Мен әр жылы Ораза айында Аллаһ разылығы үшін осы іспен айналысамын. Аллаһ қаласа еңбек ақымды Аллаһтан аламын» деді ол. Жігіттің іс әрекетіне таңырқаған қарт ана жігітке «Мен саған қызымды некелеп берсем недейсің?» дейді. Жігіт ұсынысына қысылып, ұялғанынан қызарып кетті, ойланып қызды көруге келісімін береді. Жігітке айттырылған қыз саудиялық асылзада отбасының жалғыз қызы болып шықты.

Related Post

Халифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуыХалифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Омардың халифалығы кезінде .Бауырым Абдуррахманмен бірге Әбу Сәруәа деген атпен танылған Уқба ибн Харис Мысырда бір күні ішімдік ішіп, мас болады. Ертеңіне Мысыр әмірі Амр ибн

ТаяммумТаяммум

   С: Таяммум сөзінің сөздік және шариғи мағынасы не? Ж: Таяммум сөзі сөздікте мақсат, ниет ету және қалау дегенді білдіреді. Шариғатта үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылу үшін дәретті болуды ниет