MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

🔰Іс-сапар барысында Төреәлі Қыдыр ұстаз шәкірттермен кездесіп, Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында уағыз-насихат жүргізді.

🔰Жиналған шәкірттерге әдеби кітаптардың берер пайдасына тоқталып көбірек оқуға кеңес етті.

🔰Сонымен қатар Төреәлі Ұстаз ханафи мәзһабының өміршеңдігі жайлы және ата-ананың арқалаған үмітін ақтау жолындағы перзенттік борыштары, шәкірттік міндеттері жайында да сүбелі сөз қозғалды.

🔰Айтылған мағыналы уағыз бойынша шәкірттер толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

🔰Алтын уақытын бөліп, медресе шәкірттеріне құнды дүниелермен бөліскен Ұстаз Төреәлі Еділбайұлына өз алғысымызды білдіреміз!

Related Post

«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі тағайындалды«Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі тағайындалды

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қатысуымен жалпы жиналыс болып өтті. Апта басындағы алқалы жиында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өзінің жаңа

Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымызБіз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз

«26 — маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай еркін күрестен 2003 — 2005, 2006 — 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз» атты ұранмен өткен