MEDRESE.KZ Жаңалықтар ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ШӘКІРТКЕ МІНДЕТ

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ШӘКІРТКЕ МІНДЕТ

СМАНОВ ДІНМҰХАМЕД

07.09.2022ж Сарыағаш медресе колледжінің директры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы колледж шәкірттеріне «Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтты.
Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға – деп хакім Абай Құнанбайұлы айтқандай, шындығында ұстаздың алдынан тәлім алмаған адам жоқ. Ата-бабамыз «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»-деп ұстаздық етудің мәртебесін жоғары бағалағаны секілді, колледж басшысы студенттерге «Ұстазды сыйлау — білім алушының міндетті амалдарының бірі екендігін, оның алдында кішіпейілділік таныту, жүргенде алдына түспеу, есік ашып бірінші кіргізу, жөнсіз сұрақтармен мазаламау, бірінші болып сәлем беру сияқты әдептіліктер жайлы, сондай-ақ мұның барлығы бұрынғы өткен ғалымдардың өз ұстаздарына көрсеткен құрметтерінен алынғандығын тілге тиек етті. Сөз соңында шәкірттерге жаңа оқу жылы пайдалы әрі тиімді болуын, білім жолында толағай табыстарға жетуін, көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізуін тілеп дұға жасады.

Related Post

Құран жарысыҚұран жарысы

Алла тағала: «Расында Құранды Біз түсірдік, Біз оны қорғаушымыз» («Хижр» сүресі, 9-аят), – десе, сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадис шәріпінде: «Сендердің ең жақсыларың  Құранды үйреніп (жаттап), басқаларға үйреткендерің», – деп

«Cарыағаш медресесіне» жаңа 2015-2016 оқу жылына шәкірттер қабылдынды«Cарыағаш медресесіне» жаңа 2015-2016 оқу жылына шәкірттер қабылдынды

Үстіміздегі жылдың 27 және 28 тамызында ҚМДБ «Сарыағаш медресесінде» жаңа 2015-2016 оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиханы өтті. Қабылдау комиссиясы құрамына ҚМДБ ОҚО найыб имамы