MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!

Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Олай болса бүгінгі күн ұстаздар қауымының төл мерекесі.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухпен тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Олай дейтініміз, ел билеген парасатты патшаның да, дүлдүл ақынның да, ержүрек батырдың да өз ұстазы болғаны анық.

Қазақтың қайсар ұлы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» — деп ұстаздардың орнын қолмен қойғандай етіп, анық көрсетіп кеткен.

Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Биыл да жер-жерде арнайы шаралар ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы қошеметке бөленді.

Бүгін, екі мың он тоғызыншы жылдың қазан айының алтыншы жұлдызы күні Сарыағаш медресе колледжінде де «Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!» атты  іс-шара тойланып өтті. Колледж директоры алғашқы сөзді өзі алып, ұстаздарды мерекесімен құттықтаса, өз кезегінде сөз сөйлеген ұстаздар ұйымдастыру алқасы мен шәкірттерге өз алғыстарын білдіріп жатты.

Мерекелік кеш соңы  студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасымен  жалғасын тапты. Білім алушылар ұстаздарға арнаған ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Related Post

“Таза табиғат” акциясы“Таза табиғат” акциясы

Көктемнің алғашқы айынан бастап оңтүстікте айнала түгел жасыл желекке оранары хақ. Дегенмен, жасыл табиғатты қорғап оған күтім жасау адамзаттың міндеті. Осыған орай бүгін медресе шәкіртері “Таза табиғат” акциясы аясында медресе