Алла тағала: «Расында Құранды Біз түсірдік, Біз оны қорғаушымыз» («Хижр» сүресі, 9-аят), – десе, сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадис шәріпінде: «Сендердің ең жақсыларың  Құранды үйреніп (жаттап), басқаларға үйреткендерің», – деп айрықша атап көрсеткенін де білеміз. Осыған орай, өткен аптада Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» Қарилар дайындау орталығында жылдағы дәстүрге сәйкес ерлер арасында облыстық деңгейде

  • Бір парадан
  • Бес парадан
  • Он парадан

Құран жарысы болып өтті. Жарыс қорытындысы көпшіліктің алдында шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты жағдайда марапатталды. Аталмыш жарыста «Сарыағаш медресесінің» 1-курс студенті Халназаров Ерлан бір парадан екінші орынға ие болды.