MEDRESE.KZ Без категории Қош келдің әз Наурыз

Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, шығыс халықтарын бір-бірімен табыстыратын қасиетті мейрам! «Бірлік болмай, тірлік болмас», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез. «Қош келдің, әз Наурыз мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына» орай Сарыағаш медресе колледжінің ұжымы, директор Сманов Дінмұхаммед ұстаздың бастамасымен, Сарыағаш ауданы бойынша Бокс, Қазақ күресі, Панкратион, сонымен қатар Ұлттық ойындардан (асық ойыны, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, арқан тарту, қол күресі) жарыс өткізіп, келген қонақтар және спортшыларға, 1500 адамға мерекелік дастархан жайылып наурыз көже мен ас берілді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға Сарыағаш аудыны ішкі саясат бөмімінің басшысы Қозыбаев Алдияр, ауданның наиб имамы Бижанов Нурмухаммед, Жарты төбе ауылдық округінің әкімі Аширов Абай мырза арнайы ат басын бұрып, өздерінің лебіз тілектерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауыл әкімі Аширов Абай, колледждің 10 ұстазына Наурыз меркесіне орай Алғыс хат табыстады. Аталған іс-шараға колледжімізден де бірнеше студенттер қатысып, бокс, қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартысудан жүлделі орындармен марапатталды.

Related Post

IV-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕ АРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ!IV-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕ АРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастырумен, 28.03.2022 — 29.03.2022 күндер аралығында Ақтөбе медресе колледжінде IV-Республикалық медресе аралық “Фиқһ және Араб тілі” пәндері бойынша олимпияда болып өтті. Аталған жарыс барысында колледжіміздің шәкірттері

Діни сауат ашу курсыДіни сауат ашу курсы

Бисмилләһир рахманир рахим. Әссәләму алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу! Сарыағаш медресе колледжінің жанында ашылған «діни сауат ашу» курсына шақырамыз.(Ер адамдар үшін) Келушілер назарына!!! Құжаттар тізімі: 1.Төлқұжаттың түп нұсқасы және көшірмесі