MEDRESE.KZ Мақалалар,Мақалалар Қасиетті Рамазан

Рамазан айы он екі айдың патшасы, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен таңның атысы, кештің батысын аңғарып үлгермей жүрген пенде үшін орасан зор сауапқа кенелетін ай. Өйткені ораза адамды сабырлыққа, тақуалыққа тәрбиелейді. Бұл ай ораза ұстаумен, Құран айы болу арқылы басқа айлардан ерекшеленеді. Ақиқаты ақыретке дейін жалғасатын Құран Кәрімде бұл туралы: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақтанарсыңдар» делінген.  (Бақара сүресі 183-аят)

Бұл айдағы оразаның рухани әрі денсаулыққа пайдасы көп. Күні бойы аузы берік адам, сабырлыққа, тұрақтылыққа, нәпсісін тізгіндеуге үйренеді. Аштықта жүрген пенденің басқа күнәлі істерге зауқы болмасы анық, себебі бұл нәпсіге ең жағымды қарапайым қара суға, тәтті тамаққа зәру болатын уақыты. Жалпы Рамазан айында қоғамда қылмыс азаятыны белгілі. Өйткені, жылына бір рет келетін, сауаптар басқа айға қарағанда еселенетінін білген жан жақсылықтан үміт етері сөзсіз. Әрі аузы берік пенде ішімдіктен аулақ болады, ішімдік ішілмеген жерде ақыл билік жүргізеді, қылмыс, ұрыс-керіс азаяды.

Хадисте «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі» делінген (Имам Бухари мен Муслим риуаят еткен) Алла Тағала пенденің бір ғана оразасы үшін күллі күнәсін кешіреді. Қарымы тек бір Аллаға аян қисапсыз сауапты Жаратушы Рамазандағы ораза ұстаған пендесіне жазған. Бұл кешірімнің сауабы тұрғысынан есебін мына хадиспен айғақтасақ «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық амалдары өзіне. Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан да, оның қарымын (сауабын) Өзім беремін – деген. (Бухари мен Муслим риуаят еткен)

«Ораза – қалқан. Пенде ораза ұстаумен тозаққа қалқан қояды».Осы хадистегі «қалқан» біздің сабыр-шыдамымыз. Ораза сабырдың, сабыр иманның жартысы. Ораза ұстаушы иманы, сенімі арқылы арғы өмірдегі азығынан үміт етеді. Жақсылықтан үміті бар пенде қылмыс пен күнәдан бойын қашық ұстайды. Бұл өз кезегінде қоғамда ізгі істің көбеюне септігін тигізеді.

Сонымен қатар ораза жүректі меіштке байлайтын ай. Мешіт бірлік пен ынтымақтың нысанасы көрінісі. Мешітке барған мұсылман жамағатпен намаз оқуға ұмтылады, қарт пен жастың, бай мен кедейдің бір сапта тұрып құлышылық етуіне куә болады. Бұл өз кезегінде адамдар арасында теңдікке, бірлікке, ынтымаққа себеп. Халық арасында кеңінен таралған «Айрылғанды аю асайды, бүлінгенді бөрі асайды», «Байлық, байлық емес, бірлік байлық», «Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ» сынды мақалдар бар.

Оразаның рухани пайдасымен қатар тәнгеде берері мол. Қазіргі кезде аштықпен емдеу кең етек алып жатқаны әмбеге аян. Тіпті кейбір ауруларда белгілі бір тамақтарды  тежеу арқылы денсаулықта көздеген межеге жетуге болады. Атап айтатын болсақ аштық арқылы: Қант диабеті, ұйқы безі, гастрит, геморрой, аллергия, артрит, демікпе, жүрек қан тамыр жүйесі, жүйке аурулары, артық салмақ сынды ауруларды емдеуге болады.

 Бұл мәселе жайлы XIX ғасырдың аяғында физотерапия саласының майталман маманы, неміс ғалымы  Эрет Арнольд оразамен емдеу орталықтарын ашып, небір жазылмас науқастарды емдеп, бұл салада үлкен жетістіктерге жеткен. Содан кейін, Эрет Батыстың көптеген елдері мен қалаларында  (Fasting senter) орталықтарын ашқан. Эреттің ерекшелігі сол – Батыстың медицина саласының ең мықты 24 ғалымы оған жазылмайсың деп диагноз қойған созылмалы нефрит науқасынан осы аштықпен емделу (ораза ұстау) арқылы жазылып кеткен. Тіпті адам ағзасы белгілі мөлшерде ораза ұстамағандықтан ауруға шалдығып жатады. Ал, бұл мәселеде Алла Тағала мұсылман жұртшылығына жылына бір рет келетін Рамазан айын нығмет етіп берген, біріншіден  он бір ай бойы тоқтаусыз жұмыс жасаған адам  ағзасын демалдырса, екіншіден Ұлы Жаратушы алдындағы бір парызын орындап арғы өміріне азық жинайды.

Колледж арнайы пән оқытушысы: Аюпова Феруза Садықовна

Related Post

МӘЗҺАБТАРҒА БӨЛІНУДІҢ СЕБЕПТЕРІМӘЗҺАБТАРҒА БӨЛІНУДІҢ СЕБЕПТЕРІ

Мәзһаб дегеніміз не. «Мәзһаб» сөзі араб тіліндегі «зәһәбә» (бару) етістігінен шыққан, «жүрілген жол», «баратын жер» деген мағынаны білдірелі. Ал терминдік мағынасы – «Ислам дінінің сенім (ақида) мен фиқһ саласында бір

Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!

Қай елде, қай мемлекетте болмасын, тұтастай даму тарихына үңілсек, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрес ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тәуелсіздік түгілі жерінен айырылған, отаны жоқ ұлттар бар. Сондықтан, тәуелсіздіктің қадірін

КӨРКЕМ АХЛАҚТЫ КІСІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫКӨРКЕМ АХЛАҚТЫ КІСІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

Қазіргі қоғамдағы адам баласының бойындағы мораль немесе адамгершілік секілді ізгі қасиеттерді бойға жинап, сол арқылы күллі адамзатты имандылық пен тәрбие ұштасқан бағытта  тәрбиелеу бүгінгі таңдағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр.