MEDRESE.KZ Мақалалар,Мақалалар ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ЖАБЫҚ КИІНУ ПРИНЦІПІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРИҒАТ ШЕҢБЕРІНДЕГІ КИІМ КИЮ ӘДЕБІ

ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ЖАБЫҚ КИІНУ ПРИНЦІПІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРИҒАТ ШЕҢБЕРІНДЕГІ КИІМ КИЮ ӘДЕБІ

СМАНОВА НУРЖАМАЛ ӘБДІШУКҮРҚЫЗЫ

Сарыағаш медресе колледжі әдіскері

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті

университетінің магистранты

Жалпы Ислам діні әйел адамның дәрежесін көтерген бірден бір дін дейтін болсақ, ислам шариғаты оның құқығы мен өмір сүру принціптерін жік-жігімен бөліп қойған бірден-бір шариғат. Ислам діні адамзат қауымына дін ретінде түскен уақытта әлемдегі әйел статусы жалпылама төменгі дәрежеде болғаны көпшілігімізге мәлім. Қарапайым әлемнің төрттен бір бөлігін құрайтын Үндістан халқының ұстанатын буддизм діні 1978 жылға дейін жесір қалған әйелге адам ретінде қарамайтын, сол себепті олар өз-өздеріне қол жұмсауға дейін баратын. Ал христиандық сенім жүйесіне келер болсақ, оларда әйел қауымы туралы жағымды пікір ұстана қоймаған. XIX ғасырға дейін Еуропада әйел адам жан иесі ретінде саналмады. Ғалымдар мен философтар «әйелдің жаны бар ма?, бар болса, ол адами жан ба?, әлде хайуани жан ба?»,- деген сұрақтың жауабын табуға тырысқан болатын. Англияда 1850 жылға дейін әйел адамды жалпылама санақ қатарына қоспаған. Францияда тұрмыс құрған әйелдің өз еңбегіне ақша жинау құқығы 1907 жылы берілсе, 1882 жылы Британ заңы бойынша әйелдерге өз қаржысын иемденіп, жұмсау құқығы берілді [1,10-б]. Бұл көрсеткіштерге назар салу арқылы әлемдік діндерде әйел адамның киім кию сатысы, құқықтық шекаралары емес, оның жалпылама рухани үрдісінің бар екеніне күмәнданған көпшілікті байқай аламыз.

       Ал Ислам дінінің шариғи принціптеріне сай әйел адамның дәрежесі мен құқығы сонау VII-VIII ғасырлардан бастап қалыптасқаны бәрімізге мәлім. Әйел адамның жаратылысымен қатар оның өмір сүру принциптерінде де әрқашан өзіне қамқорлықты талап ететін, әрдайым қолдаумен қоса кеңесе отырып өмір сүруге дағдыланған. Жалпы Ислам шариғатында әйел адамды қорғап, құқығын көтеру екі үлкен жаңашылдық дәрежеде қорғалған болатын. Оның бірі мирастық құқық болса, екіншісі орану құқығы (намысты қорғау). Киiм кию (орану) мәселесінде әйелдің ар-намысы, денсаулығы, қауіпсіздігі, ортада сыйлы болуы сиякты сәттер карастырылып өтеді. Ислам әйелдердің пәк, таза, ар-ұятты болып жүруін қалайды. Сондыктан да әйелдердiң киiм киiсiне үлкен мән береді. Тәннің ашык-шашық жүруiне тыйым салады. Бұл тыйымдарды әйелдердi төмен санау деп түсiну үлкен қателік. Себебі тыйым әйелдердiң физиологиялық, құқықтық тұстарына әсер етпек. Орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан әйелдерге пайдалы екендігіне келер болсақ, С. Ж. Асфендиров атындагы Казақ Ұлттық Медицина университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева бұл жайлы былай дейді: «Ер адамдар көбіне көктен, әйелдер жерден куат алады. Сондыктан да болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір-ласты жинағыш келеді. Бұл да оның, әсіресе, бас ауруына ұшырауына әсер етеді. Автордың өз тәжірибесінде кездескендей, ауруына орамал тартканнан кейін «басының сакинасы», т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес екендігін келтірген. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген әйел көктен өзiне қажет емес артық қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гормональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісікке алып баратынын дәлелдеген. Профессордың бұл тұжырымы Құрандағы ғылыми негiздердің бiр дәлелi деуге болады. Жалпы киім адам өмірінде бірнеше қызмет атқаратынын ескере отырып киiм кию (орану) бiрнеше функцияны көрсетеді, олар:

1) Қорғаушы: киiм суық пен ыстықтан, ауа-райының басқа да зиянкес заттарынан қорғайды

2) Экономикалық: адамның әлеуметтік-экономикалык статусын бейнелей отырып оның материалды және қаржы жағдайын көрсетедi;

3) Әлеуметтік: түрлі халықтардың тарихына үңіле отырып, біз адамдардың әшекейлерi мен символдарынан оның әлеуметтік дәрежесін анықтай аламыз;

4) Мәдени-эстетикалық: киім адамның талғамын, эстетикалық қажеттілігі мен көзқарасын көрсетеді. Киім адамның бiлiм деңгейін, интеллектiлігі мен мәдениетін бейнелейді.

Ислам киiмi осы функциялардың бәрін орындай отырып, сакральды сипатқа ие. Исламның әмбебаптығын әлтүрлі ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін (егер ол негiзгi талаптарды бұзбаса) сақтауға еркі бар екендігін көруге болады [2,21-б].

 Ал біз өз кезегінде зерттеу тақырыбымыздың өзегі болған орану, киім кию құқығына баса назар аударуды жөн көріп отырмыз.

Мұсылман әлемінде әйел адам үшін манызды нәрселердiн бiрi ол — хиджаб. Хиджаб сөзі араб тіліндегі «хажаба» деген етістіктен шығады. Қазақ тілінде «тығу», «рұқсат етпеу», «жамылғымен жабу», «кол сұктырмау» деген мағыналарды береді [3,144-б]. Парсы тілді және түрік халықтарында хиджаб араб тіліндегі «хаджаб» сөзінен шыққан, яғни «жамылу», «көзге көрсетпеу», «корғану» дегенді білдіреді. Қазiргi кезде бұл мұсылман әйелiнiң киiмi деген ұғымға ие. Мұсылман әйелінің киіміне байланысты хиджабпен катар, никаб, химар, паранджа, чадра ұғымдары да бар. Хиджаб — тек діни атрибутикті көрсететін киiм ғана емес, тәлім-тәрбиесі мол қыз баланың намысын, болмысын сақтап, қорғауға алып баратын бірден-бір жол десек болады.

Хиджабтың дiндерде пайда болуы туралы зерттеу барысында, кейбір діндердін хиджабқа өте катаң қарағандығын байқай аламыз. Мысалы, зороастризм діні бойынша, әйелдер толық киім жабыну керек, яғни, ұзын көйлек, орамалмен қатар, бет жамылғысы да міндетті болған. Парсы заманында Ахаменид, Аршакид, Сасанид сыңды тайпаларда да бұл үрдіс кең тараған. Дарий I уақытында да әйелдерге хиджабқа катысты талап қойылған. «Өркениет тарихы» кітабының авторы Уилл Дюрант қоғамдағы ақсүйек әйелдердің сыртқы көріністеріне қатысты көшеге еркін шыға алмайтындығы туралы жазады. Бұл үрдіс еврей мен христиан дiнiнде де, корей, жапон секiлдi көне мәдениеттерде де бар. Хиджаб иудей әйелдеріне де тән. Тарихшылардың айтуынша, еврейлерде хиджаб киюі дәстүрлі түрде сакталған. Абуль Қасымның «Исламдағы хиджаб» кітабында: «Жамылғы арабтар арасында кең таралмағанымен (хиджаб арабтарға исламмен бiрге келді), араб емес халыктардын арасында кең таралды. Ежелгі Иранда, сонымен қатар еврейлер мен иудаизмді ұстанушылар арасында хиджаб ислам дiнiне қарағанда катаң сақталынды. Оларда бет пен колды жабу мiндеттi болды»,- деген ақпараттар келтіріледі.

Араб жазушысы Абдур-Расул Аль-Гафар «Қазіргі заман әйелі» кітабында: «Тәуратта хиджаб туралы көптеген шумақтар бар. Исада хиджаб туралы айтады»,- деп жазады. Мысалы, еврей қаһамы Менахем М. Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап әдебиетінің профессоры) еврейлік ұстанымдары бойынша әйелдерiнiң орамал тағуы міндетті екенiн айта келе, мынадай сөздерін келтірген: «Еврей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жараспайды», «Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектердi қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Жалпы әйелдің орамалсыз жаланбас жүруi жаланаш жүрумен тең саналғандықтан, иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты ғибадаттарды жасамаған. Еврей діні бойынша, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіреді. Сондыктан төменгі таптағы әйелдер жоғарғы таптағы әйелдердiн катарында көріну үшін орамал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектiлiктiң нышаны саналғандықтан, байырғы Израйлде зинақор әйелдердiң орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондыктан, зинақор әйелдер өздерін абыройлылардын санатында көрсету мақсатында орамал тағатын. Европадағы еврей әйелдері сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған XIX ғасырға дейiн орамал тағып келген. XIX ғасырда европа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен кейбiр еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада ғана орамал тағады. Еврей дінінің «Hassidism» мәзһабын ұстанушылар орамалға балама ретінде әлі күнге дейiн парик тағуда.

Ал христиан дiнiнде орамал тағу мәселесі калай? Католик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан бері орамал тағатындығы белгiлi. Тертуллиян атты христиан ғалымы бойжеткендердің шашын бүркемелеуге, жабуға байланысты баяндамасында былай дейді: «Бойжеткендер, көшеде бастарына орамал тағындар, шіркеуде, бөгде адамдардың жанында және өз ер бауырларыныздың жанында бастарынды ашық ұстамандар[4,148-б]. Лондон университетінің профессоры Илахи Клемент «Адам бостандығы және әйелдер» атты кітабында хиджаб туралы: «әйелдер баскалардың күнәһар болмауы үшін жүзін көрсетпеуі керек. Құдай бөгде көздер алдында өзін сәндегендерді християн әйелдеріне тән емес деп есептейді. Браун Шнайдер «Түрлі тайпалар киiмдерi» еңбегiнде христиан әйелдерінің суреттерін бейнелейдi: «олардың бәрі ұзын киiм киiп, орамал тағады. Христиандар мен еуропалықтар арасында хиджабты сактау кең тараған дәстүр болған және он үшiншi мынжылдыкка дейiн сакталган.

Ал асыл дініміз болған Ислам дінінде әйел адамның оранып, бүркенуіне қатысты Құран аяттары мен Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадистерінен таба аламыз. Жалпы хиджаб аяттарына шолу жасар болсақ, әр аят өздігінен адамдарды психологиялық тұрғыдан орану процессіне дағдылағанын айқындай аламыз. Мысалы «Ахзаб» сүресінің 53 аятында : «Егер пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, онда бір қалқаның артында тұрып сұраңдар! Осылай істеулерің сендердің де, олардың да, (яғни екеулеріңнің де) жүректерің үшін (шайтанның азғыруынан, яғни жаман ойлардан) таза болмақ»,- делінеді. Бұл мүмін әйелдерге хиджабтың парыз болып түскені туралы бірінші аят болмақ.

Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса)үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!»,-деп бұйырды. Осы аят көпшілік ғалымдардың мақұлдауымен негізгі «хиджаб аяты» деп саналады. Бұл аят барлық мүмін әйелдер бөтен еркектерден бүкіл денесін жасыруы парыз екенін ашық білдіреді. Осы аяттағы «жилбәб» сөзі араб тілінде бүкіл денені жабатын жамылғыш ретінде келтіріледі. Сахабалардың әйелдері осы аяттан соң бүкіл денесін жапқан болатын.

«Нұр» сүресінің 31 аятында: Мүмін әйелдерге де айт: (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (әурет жерлерін) (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ, ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетуіне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине, құтыларсыңдар», – деп әйел адамның ұятты жерлерін жабу керектігі және кімдердің алдында орамалын шешуге құқығы бар екендігі нақты бекітілген. Осы аяттағы «Хумур» сөзi баска таққан орамал болса, «Жуйюб» сөзi жағадағы ойықты айтады. Яғни, жағадағы ойықтың кендiгi себепті кейде көкiрек тұсы ашык калуы мүмкiн. Аят осыны да ескерiп омырауларын жауып туратындай» жабылуын әмір еттi. Деректерге карағанда бұл аят түспей тұрып, әйел кiсiлер бастарына орамал тағып, арт жағын салбыратып кояды екен де, мойны, көкірек тұсы және кұлақтары ашық болады екен. Кейiн аят аталмыш жерлер жабық болатындай етіп байлауды бұйырды[5].

Ислам шариғатына негізделген қазақ қоғамында да оранып, бүркемелену принціптері жаңашылдық туғызбайды, себебі қазіргі таңда жарық көріп жатқан әжелеріміздің көне суреттері мен елімізге келген саяхатшылардың еңбектері, сонымен қатар ақын-жазушылардың шығармаларынан бұл үрдісті байқай аламыз. Солардың бірқатары орамал тағу арқылы шариғи нормалар мен әдептілікті ту еткен бірден-бір көрініс екеніне көзіміз жетіп отыр. Мысалы: он екі жасқа толып, балиғат жасқа жеткеннен кейін орамал тағатынын меңзеген Арыс өңірінің тумасы Мәделі Жүсіпқожаұлы XIX ғасырда қыз баланың жасына сай қандай қылықтары пайда болатынын суреттеген. Ол:

“Тартасын он екіде орамалды,

Қулығын он бірдегі ол да қалды

Он екіден он үшке шыққаннан соң,

Сыпырдың тұрымтайдай томағанды”,- десе[6,273-б.], қыз баланың бойжеткен шағын Шал ақын былай деп суреттейді:

Ақ бетіне қан құйған,

Орамалын дәл құйған

Ерініне бал құйған

Қылықты туған қыз да өтер [6, 113-б.].

Ақ бетіне қан құйған дегеніміз бойжеткен шағында ұялшақ, ұяң тартып, сұлу жүзі қызарғаны меңзелер, ал орамалын дәл құйған дегеніміз имандылық пердесінен аттап баспайтын, әурет жерін жауып жүретініне айғақтар болса, ерінінен бал құйған деген шумақтың астарында егер сөйлей қалса, биязылығымен әдепті, көркем жауап беретіндігінін айғағы екені бейнеленіп тұр[7, 18-б.].

 Діндер мен Ислам дінінің өзіндік қағидаттарына сай әйел адамның орануы мен хиджаб кию мәселесі қазіргі таңда жаңалық болып есептелмегенімен, онын шариғи үлгісі мен әдебі туралы ғалымдар мен қарапайым халық арасында бірнеше сипаттар мен көзқарастар ие екендігіне мән беруді жөн көріп отырмыз. 

 Жалпы Ислам шариғатында әбу ханифа мәзһабы бойынша әйелдердің қолы, жүзі және аяғынан (табан) басқа барлық жерлері түгелдей әурет болып саналады деп есептейміз.

Қабылданған пікір бойынша, амалға байланысты бір істі қараусыз қалдыру діннен шығуды қажет етпейді. Практикалық мәселелерде адамның діннен шықты деп есептелуінің себебі – парыз болып бекітілген нәрсені орындамау емес, оны жоққа шығару. Басты жабу мәселесі де Исламның сенім негіздеріне емес, амалға қатысты; Орамал тақпау ешқашан адамды діннен шығаратын мінез-құлық ретінде түсіндірілмеген, керісінше тақуалық пен имандылық тұрғысынан бағаланған. Сондықтан Құранда орамал тағуға бұйрық жоқ деп өздеріне бұрмалап пікір айтудың орнына, бұл иман мәселесі емес, міндеттер екенін айтумен қанағаттанса, түсіндіру әдістемесі тұрғысынан сәйкес келеді. Жалпы әйел адамның әурет жерлері толыққанды жабылу керектігі туралы барлық 4 мәзһабта да бірдей парыз болғанымен оның сыртқы структурасы мен жабылу қағидаттары бірнеше көзқарастарға ие болатындығын тілге тиек еткен болатынбыз. Бұл мәселеге қатысты мұсылман қоғамдарының көзқарастары дұрыс болғанымен мәзһабтар арасында жамағатпен намазда оранудың үкіміне қатысты, дене терісінің кішкене бөлігінің көрінуі немесе бетті тұмшалау сыңды бағыттар бойынша бірнеше егжей-тегжейлерде келіспеушіліктер бар.

 Мұсылман әйелдің киінуіндегі басты мәселе ол – орану. Қол-беттен басқа денені түгел жабу деген сөз. Көйлек орануға лайық болуы үшін ішін көрсетпейтіндей қалың және ұятты жерлерін жауып тұратындай ұзын болуы керек. Осы себепті ішін көрсететін жұқа және мөлдір көйлекпен жабу мүмкін емес. Бұл мәселенің негізін құрайтын хадис шәрифтердің мағынасы мынадай: «Сахих Муслимде» Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ашық киім киген, яғни жұқа әрі мөлдір киім киген әйелдердің тозақта болатынын, тіпті жәннаттың иісін де сезе алмайтынын айтады.

Әлқама бин Әби Әлқама анасының былай дегенін жеткізеді: «Абдуррахманның қызы Хафса басына жұқа орамал тағып, шашын көрсетіп, хазірет Айшаның алдына кірді. Хазіреті Айша басындағы орамалын алып, екіге бүктеп, қалыңдатып қойды».

Ал, Хз. Омар (р.а.) мүміндерге әйелдердің киімдері шыныдай мөлдір болмаса да, іші көрініп тұратын киім киюге болмайтынын ескерткен.

Осы риуаяттан кейін имам Сарахси әйелдің киген көйлегі өте жұқа болса да, оның бұрынғы үкімі бар екенін түсіндіреді. Сосын: Ол «киім киген жалаңаш» мағынаға саятын хадисті айтты да, былай жалғастырды. «Бұл көйлек торға ұқсайды, жабынды болып есептелмейді. Сол себепті бөтен еркектердің бұлай киінген әйелге қарауы харам».

Қазақстан мемлекетінін діни басқармасы ұстанатын Әбу Ханифа мәзһабында көйлектің мөлдір болуының өлшемі терінің түсін көрсетуінде екендігі баяндалады. Адамның терісі сыртынан қарағанда көйлектің астынан көрінетін болса, көйлек жұқа болсын, қалың болсын, ол мұндай көйлекпен жабылғанға жатпайды. Мәселе басқа мәзһабтарда да осылай айтылады. Мысалы, Малики мәзһәбында егер көйлек мөлдір болып, терінің түсін бірден көрсетсе, ол жабылмайды. Осылай оқылған намазды қайтару керек. Сондай-ақ, жұқа әрі тар болғандықтан, мүшелердің пішінін көрсететін көйлек кию де мәкрүһ. Өйткені бұл сәләф ғалымдарының киіну стиліне қайшы әрекет болып табылады. Ал Ханбали мәзһәбының көзқарасы бойынша парыз жамылғы – терінің түсін көрсетпейтін жамылғы. Киген киім терісінің түсі көрінетіндей жұқа болса және дененің ақтығы мен қызаруы көрініп тұрса, намаз дұрыс болмайды. Өйткені мұнымен жабыну орын алмайды. Терінің түсін жауып, көлемін көрсетсе, намаз рұқсат делінсе, Шафиғи мәзһабынында терінің түсін көрсетпейтін киім кию парыз. Терінің түсін көрсететін көйлек жұқа болғандықтан киюге болмайды. Өйткені мұндай көйлекпен хиджаб орын алмайды. Яғни, терінің жұқалығына байланысты ақтығын немесе қаралығын көрсететін көйлекпен тәсәттур жеткіліксіз болып саналады. Тағы да, көйлек қалың болса да, ішінен кейбір әурет жерлерін көрсетсе, бәрібір ол жеткілікті түрде жабылмайды. Тізе және жамбас сияқты дененің жіңішкелігі мен жуандығын көрсететін көйлекпен оқылған намаз хиджабтың қамтамасыз етілгендігін білдіреді. Бірақ мүшелерді көрсетпеу үшін жамылғы қолдану мұстахаб.[8, 141- б]

Өмірдегі маңызды сұрақтардың шешімінің кайнар көзі Қасиетті Құранда болғанымен, онын көптеген қағидалары түрліше түсіндіріледі, сондықтан да көп томды тәпсірлер — түсiндiрмелер пайда болды. Бұл әйелдер киiмiне катысты ережелердi де қамтиды. Қазiргi уақытқа дейін діндарлар мен факихтер арасында, әйелдердің бетiн, колы мен аяғын жабу керек деген мәселе талқыланып келедi. Ғұламалар арасында әйелдердiн денесiнiн кай тұстары жабылуы керек деген тақырыптағы пікір-таластар толастар емес. Кейбіреулері (Шафигилер мен Ханбалилер мектептерінің өкілдері) әйелдердің бетi мен саусақтарын да жабуы керек деп есептесе, Малики мазһабының пікірі бойынша бет пен саусақ әуратка (жабылуға тиiстi) жатпайды. Ханафилер де осы пiкiрдi жактайды. Тринидада Табагонын бас муфтиінің пәтуасынан үзінді: «Шафиғи, Малики және Ханбали имамдары бетті жауып тұратын ниқаб сакральды мiндет, парыз деген көзқарасты ұстанады. Имам Абу Ханафи пікірінше, никабты үлгі ретінде ұсынуга болады, яғни уәжіптік дәрежеде деп келтірген». Бұл пәтуа 1999 жылы, қыркүйек айында шыккан[2, 21-б].

Жоғарыда жеткізілген пікірлердің барлығынан мынадай қорытындыға келуге болады: Егер әйел бөтен еркектердің көзінше киетін киімі терісінің түсін көрсететіндей жұқа болса, оны киюге болмайды. Бұл киім көйлек, кофта және юбка, сондай-ақ орамал мен шұлық болуы мүмкін. Бірақ мұндай көйлек мейлі шұлық болсын, мейлі орамал болсын, мейлі басқа киім болсын, егер ол қалың болса, түбі көрінбесе, киюге болады. Өйткені шұлық пен орамал қанша қалың болса да, міндетті түрде аяқ пен бастың пішінін көрсетеді. Бірақ дене мүшелерін көрсететін тар шалбар мен тар көйлекпен намаз дұрыс болса да, жалпы сыртқы ортада назарсалушыларды өзіне аударатындықтан дұрыс болып саналмайды. Марқұм Ибн Абидин де өз еңбегінде осы мәселеге назар аударады.

Алайда, намаз оқып жатқанда әурет жерлерді жабу парыз. Орамал, мұсылман әйелінің ар-намысын қорғайтын жаулығы. Сонымен қатар, ислам діні мұсылман ер мен әйелдерге әуретін жауып, шариғат әдебі бойынша киінуді бұйырған. Үйден тыс, қоғамдық орындарда ұзын етек-жеңді киім кию – мұсылман әйелдің ары мен абыройын сақтайды. Құран және Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі мен мұсылман ғұламаларының бірегей пікірі бойынша, мұсылман әйеліне орамал тағу – парыз. Ал, бетті, қолды, аяқты жабу мәселесінде нақты көзқарас болмағандықтан әйел адамның тақуалығы немесе өз-өзін қорғаудағы жоғарғы дәрежеге жеткізу мүмкіндігі деп айшықтауға болады. Алайда, иман мен амал ішкі жан дүние мен сыртқы көрініс дер болсақ, бұл мәселені жеті рет өлшеп, бір рет кесілетін қағидаттардың бірі екендігіне көз жеткізе аламыз. Сондықтан әйел адамның киім кию үлгісі Құран мен хадистерде айтылған шариғат шеңберінен шықпаса, тұмшаланып орану мәселесі бұл категорияға жатпайтындығын бір ауызды тұжырымдай аламыз. Мақаланың толықтай түйінің келтіре отыра шариғат бекіткен әйел адамның киім кию әдебіне мына шарттарды бекітеміз:

1. Киім айелдің бүкіл денесін, бетiне дейiн жабуы тиiс.

2. Әйелдің бейне мүсінін білдіріп тұратын дәрежеде тар болмаганы жөн.

3. Дене көрінiп тұратындай жұка болмау керек.

4. Кәпір әйелдердiн киiмiне ұқсамау.

5. Ер кісілердің киіміне ұқсамауы қажет

6. Көз тартатындай немесе түрлі-түсті болмауы абзал.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Эрматова Д.М. Заманауй қоғамдағы мұсылман әйелдердің әлеуметтік белсенділігі. Мәтін дипломдық жұмыс. Нұр-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті Университеті. Ғыл.жет. Жолмағамбетова М.А. а.о. –Алматы, 2021, –10 б
  2. https:\\stud.kz
  3. Арабша-қазақша сөздік\ Түзушілер: Ы.Палтөре, Ж.Жүсіпбеков, Р.Мухитдинов, Қ.Қыдырбаев. А 75 т.б. –Алматы: «Нұр-Мубарак» баспасы, 2016. – 918 б.
  4. Қағазбекова Б.С.Әлемдік діндер контекстеріндегі әйел статусы: Салыстырмалы талдау. Хабаршы-Вестник-Bulletin Философия сириясы №1 (63), 2018.
  5. Жаратушы сыйға тартқан орамал https://www.muftyat.kz/kk/articles/woman-and-family/2016-02-18/19577—zharatushyi-syija-tartan-oramal/
  6. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық./ Құрастырған М.Мағауин, М. Байділбаев.- Алматы: Жазушы, 1989 -Т.І.-384- бет
  7. Ахтанова А.А. Қазақ қоғамындағы қыз бала тәрбиесінің діни және этникалық негіздері (салыстырмалы талдау). Нұр-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті Университеті. Ғыл.жет. Әділбаева Ш. PhD докторы. –Алматы, 2021.

Related Post

Ислам және Қазақ қоғамындағы әйел құқығыИслам және Қазақ қоғамындағы әйел құқығы

Қай кезде болмасын әйел адам ер адамнан әлсіз, әрі нәзік жаратылыс болып сипатталады. Алайда бұл нәзіктік оның дәрежесінің төмен екенін білдірмейді. Әйел адамның құқығы ер адамның құқығымен бірдей екендігін дәлелдейтін

Уақыт құндылығыУақыт құндылығы

Ерматова  Дилфуза Садыковна ұстаз Адам  баласының  бар  өмірі белгілі  бір уақыт аясында  өтетіндіктен, әрі  әрбір жан  уақытқа  тәуелді  болғандықтан,  қай  заманда  болмасын  уақыттың  маңыздылығы  алдыңғы   орында  тұруы  табиғи  жайт. Адамзат 

Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!

Қай елде, қай мемлекетте болмасын, тұтастай даму тарихына үңілсек, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрес ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тәуелсіздік түгілі жерінен айырылған, отаны жоқ ұлттар бар. Сондықтан, тәуелсіздіктің қадірін