Қарақұлов Еркебұлан Ыбырайымұлы «Әбішұлы Сатыбалды» мешітінде

Түркістан облысының өкіл имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбырайымұлы «Әбішұлы Сатыбалды» мешітінде, Сарыағаш медресе коддеджі студенттерімен кездесу өткізіп, ата дәстүрімізге айналған «Ханафи мәзхабы және оның ерекшеліктері жайлы, сонымен қатар қазіргі таңда маңызды мәселелердің біріне айналған жат ағым өкілдері, мәзхабсыздық, мәхабты мойындамау тақырыптары аясында уағыз-насихат жүргізді. Болашақ дін мамандарына мотивация сыйлап, өзінің қаншама жылдық тәжірибесімен бөлісті. Студенттерге шынайы дұға жасап, білім жолында сәттілік тіледі.