Кадиров-Э

Алланың разылығын көздеу – ең таза кіршіксіз сезім. Өйткені, онда Жаратушыны тану, іштей жақсы көру, терең шүкіршілік сезімдері басым тұрады. Адамзат таңдаулылары пайғамбарлардың бәрі де өмірде Алланы разы етуді мақсат еткен. Оны ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дұғаларынан да байқаймыз. Соңғы елшінің бірнеше дұғаларында «Уа, Алла Тағалам, кешіріміңді және разылығыңды сұраймын», «Раббым, өзіңе ұнамды істерді бізге ұнатқыза гөр» деген мағынадағы тілектер кездеседі.