MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп баяндайды. Біз бұл аяттан Алла Тағала білімді адамның дәрежесін екі дүниеде көтеріп қоятынын түсінеміз. Құдайға шүкір, қазір білім алуға мүмкіндік көп. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дәріс соңында Бас мүфти шәкірттерге дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.

Related Post

Асарға кел ағайын!Асарға кел ағайын!

Сарыағаш медресе-колледжінің жанында салынып жатқан мешітке қаражат та, жұмыс күші де жетіңкіремей жатыр. “Көп түкірсе көл болады”, “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген бабаларымыздың өсиетіне құлақ түріп асарлатсақ игі еді.

Кадиров-Э

ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|АЛЛАҺТЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ АЛАМЫЗ?ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|АЛЛАҺТЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ АЛАМЫЗ?

Алланың разылығын көздеу – ең таза кіршіксіз сезім. Өйткені, онда Жаратушыны тану, іштей жақсы көру, терең шүкіршілік сезімдері басым тұрады. Адамзат таңдаулылары пайғамбарлардың бәрі де өмірде Алланы разы етуді мақсат