MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды – жаңашылдыққа ұмтылудың, жаңғырудың нышаны деп қабылдаған. Содан болар, берер тағылымы мол, тарихы тереңде жатқан Наурыз мейрамын ел болып асыға күтеміз.

Ежелден игі дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – ізгілік пен мейірімнің мейрамы. Өйткені бұл күні халқымыз бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, бір-бірін құттықтап, бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Ренжіскендер бір-бірін кешіріп, мейірімділік танытады.

Ақсақалдардың «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген тілегінің тағылымы зор.

Ардақты ағайын!

Осынау шуақты мерекеде әр отбасыға бақыт пен бірлік, татулық пен бар жақсылықты тілеймін. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әмин!

Related Post

Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Олай болса бүгінгі күн ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухпен тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына

Діни экстремизмнің жастар санасына әсеріДіни экстремизмнің жастар санасына әсері

Тәуелсіздік орнағалы, міне 30 жылға аяқ бастық. Осы уақыт ішінде жасы да, кәрісі де білім жинап, ақыл тоқтатып үлгереді. Жастар халық санының 21% құрайды, яғни елімізде орта жастағы адам саны