MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды – жаңашылдыққа ұмтылудың, жаңғырудың нышаны деп қабылдаған. Содан болар, берер тағылымы мол, тарихы тереңде жатқан Наурыз мейрамын ел болып асыға күтеміз.

Ежелден игі дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – ізгілік пен мейірімнің мейрамы. Өйткені бұл күні халқымыз бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, бір-бірін құттықтап, бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Ренжіскендер бір-бірін кешіріп, мейірімділік танытады.

Ақсақалдардың «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген тілегінің тағылымы зор.

Ардақты ағайын!

Осынау шуақты мерекеде әр отбасыға бақыт пен бірлік, татулық пен бар жақсылықты тілеймін. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әмин!

Related Post

«АРАБ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ БОЛДЫ!«АРАБ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ БОЛДЫ!

Колледжімізде 13-11-11 тобында “Араб тілі морфологиясы” пәнінен Араб тіліндегі бұйрық рай етістігі тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Ашық сабақты арнайы пән оқытушысы Кулжанов Темурбек ұстаз өткізді.Сабақтың мақсаты — студенттердің сөздің қорын дамытып,

Ізімбай ӘбдірақманІзімбай Әбдірақман

2021жыл 20-24 шілдеде, Қырғызстан Республикасында өткен Пенчак Силат бойынша IІ ашық Орта Азия жағажай турнирінде Тайландтағы Азия жағажай ойындарына саралау байынша Сарыағаш медресе колледжінің 3 курс студенті Ізімбай Абдірахман 85+