MEDRESE.KZ Жаңалықтар Тігіншінің тәубесі

Бір тігінші Аллаһ достарының бірінен:
— Пайғамбарымыздың «Аллаһ  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып одан сұрайды:
— Сенің мамандығың не?
— Тігіншімін, киім тігемін.
— Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?
— Қайшымен матаны қырқу.
— Қанша жылдан бері бұл іспен айналысасың?
— Отыз жылдан бері.
— Жаның алқымыңа келген кезде матаны кесе аласың ба?
— Жоқ әрине, кесе алмаймын!
— Біраз қиналып, үйреніп және отыз жыл бойы қиналмай істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш жасап көрмеген тәубені ол кезде қалай жасамақсың? Бүгін күш-жірегің қолыңда тұрған кезде тәубе ет, кейін ол кезде тәубе ете алмауың мүмкін,- дейді. Тігінші осы сөздерден кейін дереу тәубе етті. Салих құлдардан болды.

Related Post